Спорт • Бүгін, 16:22

Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның астанасы – Лондонда үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған жер жаһанның әр қиырынан жиналған 128 команда (64 ерлер+64 әйелдер) қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр

Қазақстанның ерлер құрамасы (әлемдік рейтингте 25-орынды иеленіп отыр) Лондондағы командалық әлем чемпионатын сәтті бастады. Тұсаукесер кездесуде біздің жігіттер Түркияны (№58) тізе бүктірді – 3:1. Жерлестеріміздің арасынан Алан Құрманғалиев қана ұтылды. Кирилл Герасименко екі бәсекеде басымдық танытса, Айдос Кенжіғұловтың бір мәрте мерейі үстем болды.

Келесі ойында Мысырдың (№16) жігіттерін жолдан ығыстырдық – 3:2. Бұл жолы да Герасименко ерледі. Ол Омар Ассар мен Мұхаммед әл-Бейәлиді тізе бүктірді. Құрманғалиев бірде жеңіп, бірде жеңілді. Ескендір Харкидің Юсуф Әбделәзизге әлі жетпеді. Көп кешікпей Таиландты (№46) қапы қалдырдық – 3:1.

Үстел теннисі: Кирилл Герасименко ел чемпионатында үш алтын еншіледі

Қыздарымыз (№37) Бразилияға (№10) есе жіберді – 1:3. Зауреш Ақашева бір ойында жеңіске жетіп, екіншісінде жеңілді. Сарвиноз Мірқадырова мен Жәнерке Көшкімбаева қарсыластарына есе жіберді. Екінші кездесуде Моңғолияны (№73) еркін еңсердік – 3:0. Бұл бәсекеде Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Мірқадырова және Әнал Бақыт қарсыластарына бас көтерткен жоқ. Үшінші бәсекеде Чехияға (№42) шаң қаптырдық.  

Соңғы жаңалықтар