Қоғам • 31 Мамыр, 2024

Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке Telegram-бот арқылы шағымдануға болады

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Telegram мобильді қосымшасы нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымданудың жаңа механизмін енгізді. EgovKzBot2.0 бот-платформасы  шағым түсіру немесе бюрократияны азайту және бизнес-процестерді жеңілдету туралы ұсыныс енгізу мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке Telegram-бот арқылы шағымдануға болады

Фото: Александр Манзюк / ТАСС

Бұл функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болды.

«Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады. Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа да фактілер бойынша өтініш жіберуге болады», деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Агенттік түскен барлық шағымдар мен ұсыныстар қаралып, кері байланыс орнатылып, мәселелер қысқа мерзімде шешіледі деп сендірді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті