Президент • Бүгін, 15:20

Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады

Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кай Фудың Қазақстанда жоғары технологиялардың дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Президенттің төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Бизнесмен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысына белсенді түрде атсалысып келеді және Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі.

Президент еліміздің жасанды интеллект саласында тиімді әрі нақты нәтижеге бағдарланған серіктестік құруға ниетті екенін айтты.

«Не боламыз, не бордай тозамыз»: Тоқаев цифрландыруға салғырт қарауға болмайтынын ескертті

Бұл ретте 01ai және Sinovation Ventures компанияларымен бірқатар бағытта ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Нақты айтқанда, Қазақстанда озық білім беру бастамалары мен жобаларды іске асыру, орнықты технологиялық экожүйе қалыптастыру бағыттарының келешегі зор.

Әлемдік сарапшы Ли Кай Фу Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев мен Ли Кай Фу өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.

Соңғы жаңалықтар