е
Саясат • 30 Сәуір, 2025
Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Субсидия • 30 Сәуір, 2025
Баспанаға берілетін субсидияны қайта қарау ұсынылды
Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, ауыл тұрғындарына арналған баспана салу субсидиясына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Сәуір, 2025
Президент Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Сәуір, 2025
Депутат ауыл мектептерін тұрақты интернетпен қамтуды талап етті
Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Беделбайұлы Көшербаев пен Бас Прокурор Берік Ноғайұлы Асыловқа депутаттық сауал жолдап, ауыл мектептерін сапалы және тұрақты интернетпен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2025
Үкімет алимент борышкерлерінің жағдайын көбірек ойлап отыр - депутат
«Қазақстан халық партиясы» (ҚХП) 2016 жылдан бері алимент төлемеу мәселесін көтеріп келе жатқанын айтқан М.Магеррамов депутаттық сауалын Премьер-министрге жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2025
Маркетплейстер тұтынушылардың құқығын шектеп отыр - Н.Байтілесов
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Н.Байтілесов елімізге заңсыз кіретін тауарлардың адал кәсіпкерлер мен мемлекет мүддесіне зиян келтіріп отырғаны туралы мәселе көтерді. Ол Премьер-Министрінің орынбасары С. Жұмангаринге қарата жолдаған депутаттық сауалында қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасы дәстүрлі бөлшек саудаға бағытталғанын, онлайн-алаңдағы заңсыздықтарға қауқарсыз екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2025
Депутат қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы кемшіліктерді атады
Мәжіліс отырысында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Тау Премьер-министр Олжас Бектеновке қалдық көму тәжірибесін тоқтатып, қалдықтарды қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2025
Тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктері кеңейеді - депутат
Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Е. Смышляева Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы заңнаманың жетілдірілген нұсқасы таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2025
Алматыда үй хайуанаттарының иелері үшін жаңа ережелер қабылданды
Енді Алматыдағы барша үй хайуанаттарының иелеріне оларды серуендету мен алып жүру ережелеріне бағынуға тура келеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Сәуір, 2025
Қандай салалар қосылған құн салығынан босатылады
Бүгін Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексі мен оған салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Сәуір, 2025
Алкоголь өнімдеріне салынатын акциздер көтеріледі
Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік сала ұйымдары үшін төмендетілген корпоративті табыс салығы мөлшерлемелері 2026 жылдан бастап 5 пайыз, 2027 жылдан бастап 10 пайыз болып белгіленді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Сәуір, 2025
Қазақстанда қандай мамандықтар сұранысқа ие
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (ЕРДО) сарапшылары 2025 жылға арналған бос жұмыс орындарына қатысты қысқа мерзімді болжамын әзірлеп, жариялады. Бұл болжамға сәйкес, Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1,09–1,25 миллион аралығында бос жұмыс орны ұсынылады. Соның ішінде 243–350 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтарына тиесілі болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 30 Сәуір, 2025
Боксшылар Азия бәсекесін 6 алтынмен аяқтады
Бокстан Иорданияда мәресіне жеткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жалпы есеп бойынша ең көп алтын жүлдені Үндістан (11 медаль) алса, Өзбекстан 7 алтын, ал Қазақстан 6 алтын медаль еншіледі, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Сәуір, 2025
Елімізде медициналық көмектің бірыңғай пакеті құрылады
Мәжіліс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2025
Ұлытауда билер кеңесінің құрылтайы өтті
2024 жылдың маусым айында Ұлытау облысы бойынша Билер кеңесі құрылып, ресми түрде өз жұмысын бастаған еді. Билер құрамына заңгерлер мен қоғам белсенділері кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2025
«Ақтөбе» ФК қызметкерлері ойыншылардың тамағына бөлінген қаржыны жымқырған
Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша «Ақтөбе» футбол клубының қызметі тексерілген. Бас прокуратураның баспасөз қызметі тексеру барысында 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 30 Сәуір, 2025
Уәде адал адамды қалыптастырады
Адам баласы үшін шындық пен адалдық – ең жоғары құндылықтардың бірі. Ал сол адал болуға көмектесетін қарапайым құрал – уәде. Яғни адам өз еркімен бір істі шынайы, әділетті, дұрыс атқаруға уәде берсе, бұл оның мінез-құлқына, шешіміне тікелей әсер етеді.
Қазақстан • 30 Сәуір, 2025
Су мамандарының алғашқы тобы Қытай мен АҚШ-та оқып келді
Сала министрлігінің өкілдері шетелден оралған мамандармен кездесті. Министрлік мәліметінше барлық курстар қабылдаушы елдер есебінен, халықаралық келісімдер-бағдарламалар шеңберінде ұйымдастырылғандықтан, оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбеген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2025
Үкімет ШҚО-дағы дәрігерлік амбулаторияға 67 млн теңге бөлді
Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха ауданы, Волчанка ауылында дәрігерлік амбулатория салу жұмыстарын аяқтауға қаржы Арнаулы мемлекеттік қордан берілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2025
Қостанай облысында «Парыз» байқауы басталды
Қостанай облысында кәсіпкерлерге арналған «Парыз» байқауына өтінім қабылданып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2025
Тепличное ауылындағы бөгетті нығайтуға 250 мың қап дайындалды
Қазір Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгеріп, екпінді жел күшейе түсті. Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы су тасқыны салдарын жою мен бөгеттерді күшейтуге Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары да атсалысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Сәуір, 2025
Президент Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 30 Сәуір, 2025
Ғалымдар 3D карта арқылы тышқан миының мүмкіндігін зерттеді
Ғалымдар сүтқоректілер миының бұрын-соңды жасалмаған ең үлкен картасын ұсынды. Бұл – нейроғылымдағы ерекше жетістік. Зерттеу нәтижесінде тышқан миының көрумен байланысты кішкентай бөлігінен 200 мыңнан астам жасуша анықталып, олардың орналасуы мен байланыс желісі 3D картада бейнеленді, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 30 Сәуір, 2025
Тілеухан Қабдрахманов «Достық» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 30 Сәуір, 2025
Елордада 14 автобустың бағыты уақытша өзгереді
Астанада 1 мамырдан бастап 14 автобус бағытының қозғалыс бағыты уақытша өзгереді.
Мәдениет • 29 Сәуір, 2025
Астанада «Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасы қойылады
Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры 9-10 мамыр күндері сағат 18:00-де «Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасын ұсынады.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2025
Мемлекеттік қызметшілер тиімді жобамен түрік тілін үйренеді
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жүзеге асырылып жатқан «Бір тіл, бір әлем» жобасы аясында мемлекеттік қызметшілер қазақ тілі арқылы түрік тілін меңгереді. Бұл – Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған, заманауи әрі нәтижелі тың жоба саналады, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 29 Сәуір, 2025
Майдангер отандастарымызға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды
Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент делегациясы Волгоградта Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы мұра – ортақ болашақ» атты халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 29 Сәуір, 2025
«Шерзат» ісі: алғаш рет марқұм Нұрқанат Гайпбаевтың жауабы жария етілді
Талдықорғанда қоғам назарын аударған «Шерзат» қылмыстық ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бүгінгі отырыста алғаш рет қайтыс болған Нұрқанат Гайпбаевтың тергеу барысында берген жауабы жария етілді. Прокурор Дана Сәрсенбай марқұмның көрсетулерін сотқа таныстырды.
Өшпес даңқ • 29 Сәуір, 2025
Жеңіс мерейтойына орай Алматыда бірегей шара өтеді
Ертең, яғни 30 сәуірде Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде 80 жылдық мерейтойға орай «Ұлы Жеңіс – батырлар рухына тағзым» атты салтанатты іс-шара өтеді, деп жазады Egemen.kz.