Режиссері: Жұлдызбек Жұманбай. Инсценировка авторлары: Бақытбек Қадыр, Жұлдызбек Жұманбай.
«Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасы — адамзат тарихындағы ең ауыр — Екінші дүниежүзі соғысы жылдарындағы қасырет пен ерліктің, ар-намыстың және отансүйгіштіктің көркем шежіресі. Туындыда Бауыржан Момышұлының қайраткерлік тұлғасы, жауынгерлік рухы, әділет пен адамгершілікке деген биік мұраты сахналық тілмен шынайы бейнеленген.
Мәскеу түбіндегі шайқастар, Волоколамск тас жолындағы батырлық сәттер, Панфилов дивизиясының «Гвардия» атағына ие болуы сияқты тарихи оқиғалар қойылымда көрініс береді.
«Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасы — жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адалдық, намысшылдық сияқты асыл қасиеттерді сіңіретін, шынайы батырлықтың бейнесін көрсететін көркем туынды. Бұл қойылым — ұлт тарихын танудың және ұлы тұлғалардан тағылым алудың жарқын үлгісі.
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры барша көрерменді тарихи тағылымы мол, рухы биік премьераға шақырады!
Премьера күндері: 9, 10 мамыр
Басталуы: 18:00