Соңғы жаңалықтар
Балалар • 30 Мамыр, 2026
«Келешек мектептері» жобасы аясында 220 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Мамыр, 2026
Қажымұқан атасының жолын қуған балақай
Қазақ күресінде күні бүгінге дейін ас пен тойда автокөлік, қомақты қаражат, төрт түлік мал секілді жүлделер көбіне ересектер арасындағы жарыстарға тігіліп келгені белгілі. Әсіресе бас жүлдеге темір тұлпар тігілген додаларға негізінен үлкен балуандар қатысатын. Ал жас балуандар арасындағы жарыстарда қаржылай сыйақы болғанымен, автокөлік секілді ірі жүлденің бұйыруы сирек кездеседі.
Балалар • 30 Мамыр, 2026
«Ұлттық қор – балаларға»: Биыл 7 миллионға жуық бала мұнай табысынан төлем алады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бастау алды. Бұл бастама аясында Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы жыл сайын 18 жасқа толмаған азаматтарға бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Мамыр, 2026
Қанатын қаққан құстың да арманы болатыны анық. Бүгінгі кейіпкеріміз үшін арман – теңіз, қабілет – сенім. Кәусар Ғалымжанқызы Қараман – балаларға ағылшын тілін үйретуге арналған «Miss Kaussar» бағдарламасының кішкентай жүргізушісі. Бұл жоба «Балапан» арнасында 3 телевизиялық маусым бойы шығып, көпшілік сұранысына ие болды. Қазір де қайталанып беріледі.
Экономика • 30 Мамыр, 2026
Инфрақұрылымды жаңғырту импортты алмастыра ала ма?
Энергетика мен коммуналдық шаруашылық – кез келген мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына тікелей әсер ететін сала. Елімізде осы саладағы нысандардың тозығы жеткені көптен бері айтылып келеді. Сондықтан «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы тек ескі желілерді ауыстыру немесе жаңа қазандықтар салумен шектелмейді. Оның тағы бір маңызды бағыты – осы ауқымды инвестицияларды ішкі өндірісті дамытуға бағыттау.
Қоғам • 30 Мамыр, 2026
Жайдарман жаздың алғашқы күні әлемдегі ең мейірімді, ең шуақты мерекелердің бірі – Балаларды қорғау күні аталып өтеді. Бұл күні жер-жаһан балдырғандардың сыңғырлаған күлкісіне бөленеді.
Президент • 30 Мамыр, 2026
Цифрлық трансформация – Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Балалар • 30 Мамыр, 2026
Биылдан бастап елімізде балалы отбасыларға берілетін төлемдер артты
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде ана мен баланы қолдауға бағытталған әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көпдеңгейлі жүйесі жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда балалы отбасыларға республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылардың бес түрі және әлеуметтік сақтандыру қорынан екі түрлі әлеуметтік төлем төленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 30 Мамыр, 2026
Енді буллингке немқұрайлы қарағандарға айыппұл салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылып келеді. Енді елімізде буллинг фактілерін елемегендер 80 АЕК дейін айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Мамыр, 2026
Зерттеу: Қазақстанда балаларға қысым көрсету 38 пайызға дейін азайды
Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды ұстана отырып, бұл бағыттағы ішкі қолдау тетіктерін жетілдірумен қатар, халықаралық деңгейдегі беделін де нығайтып келеді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және әл-ауқатын арттыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі саналады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 30 Мамыр, 2026
Қазақстанда балалардың қауіпсіздігіне 1,3 трлн теңге жұмсалады
Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясат қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау мәселелерін қамтитын кешенді тәсіл негізінде дамып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 30 Мамыр, 2026
Ұлттық орталық музейдегі ауа баптау жүйесі жаңартылды
Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіндегі желдету және ауа баптау жүйесін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жоба Мемлекет басшысының тарихи-мәдени мұраны сақтау және музейлердің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 30 Мамыр, 2026
Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін
ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 30 Мамыр, 2026
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі қола медаль жеңіп алды
Испанияның Понтеведра қаласында өткен әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы екі қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 30 Мамыр, 2026
Астанада 4 жасар қыз жетінші қабаттың терезесінен құлап көз жұмды
Астанада төрт жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан терезеге ұсталған торымен бірге құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 30 Мамыр, 2026
Қазақстанға 200 тоннадан астам бүлінген астықты кіргізуге тосқауыл қойылды
Ауылшаруашылық министрлігінің мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында елімізге залалданған ірі көлемдегі карантиндік өнімдерді әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 30 Мамыр, 2026
Қазақстан спортшылары АҚШ-та өткен Worlds 2026 әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында бразилиялық джиу-джитсудан әлемдегі ең беделді әрі бәсекесі жоғары турнирлердің бірі әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жыл сайын бұл дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік спортшылар жиналады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 30 Мамыр, 2026
Қосалқы стансадағы апаттың салдарынан Павлодар сусыз қалды
30 мамыр күні таңертең қосалқы стансадағы апатқа байланысты Павлодар қаласында ауызсу беру тоқтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 30 Мамыр, 2026
Иван Дычко жеңіліс көрмеген британдық боксшымен шығады
Олимпиада ойындарының қос бірдей қоласын иеленген Иван Дычко рингке қайта оралады. Келесі жекпе-жегін ол 6 маусым күні жеңіліс көрмеген британдық Харви Дайкспен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 30 Мамыр, 2026
Эстонияда әйелдер әскерге шақырылуы мүмкін
Эстонияда әйелдер үшін әскерге бару міндетті болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz
Әскер • 30 Мамыр, 2026
Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлердің жоспарлы ротациясы өтті
БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағындағы Фауар базасында Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Ұлан Нұрғазиевтің жетекшілігімен қазақстандық бітімгерлік контингенттердің ротациясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 30 Мамыр, 2026
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры: Теңгелік депозиттер табыс табудың құралына айналды
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры елдегі инфляцияның баяулауы және Ұлттық банктің ақша-несие саясаты аясында азаматтардың жинақтау әдетінде айтарлықтай өзгеріс байқалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 30 Мамыр, 2026
Әлеуметтік төлем алу үшін жалған жұмысқа орналасқан 4 мыңнан астам қазақстандық анықталды
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары 258 адал емес кәсіпкерлік субъектісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 30 Мамыр, 2026
Қазақстанда ұмыт қалған қолөнерге қаржылай қолдау көрсетіледі
Елімізде ұлттық қолөнер шеберлеріне арналған гранттық бағдарламаға қатысу үшін өтінім қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 30 Мамыр, 2026
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Бүгін Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Мамыр, 2026
«Қазгидромет» Қазақстан аумағы бойынша 30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 29 Мамыр, 2026
Қос президент әуежайда қоштасты
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Egemen.kz
Денсаулық • 29 Мамыр, 2026
Жылына 300 мыңнан астам операция: Абай облысында хирургияның өзекті мәселелері талқыланды
Бүгін Семей медицина университетінде Қазақстан Республикасы хирургтарының «Abai Surgery Plenum» атты Ұлттық ғылыми-практикалық пленумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 29 Мамыр, 2026
2035 жылға дейін Қазақстанда 7 мың шақырым жаңа электр желісі салынады
KEGOC Үкіметке Ұлттық электр желісі қызметінің негізгі қорытындылары мен даму жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 29 Мамыр, 2026
Астанада күрестен әлем чемпионаты өтеді
Біріккен күрес әлемі ұйымы (UWW) 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізетін қала ретінде Астананы ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz