Руханият • Бүгін, 08:26

Қазақстанда ұмыт қалған қолөнерге қаржылай қолдау көрсетіледі

1 мин
оқу үшін

Елімізде ұлттық қолөнер шеберлеріне арналған гранттық бағдарламаға қатысу үшін өтінім қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда ұмыт қалған қолөнерге қаржылай қолдау көрсетіледі

Бағдарламаны Креативті индустрияларды дамыту қоры «Халық қолөнері және бейнелеу өнері мектебі» жобасы аясында іске қосты. Оның басты мақсаты – ұлттық мәдени мұраны сақтау және қолөнер дәстүрлерін жас ұрпаққа жеткізу.

Бағдарлама аясында ұлттық қолөнер шеберлері 5 миллион теңгеге дейін гранттық қолдау ала алады. Қаражат ұмыт қалып бара жатқан, жойылып кету қаупі бар дәстүрлі қазақ қолөнерінің сирек кездесетін әрі бірегей түрлерін дамытуға және сақтауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар