Алма
Алматы • 18 Мамыр, 2026
Алматыда нан бағасы бекітілді: Бір бөлке нан қанша теңге тұрады?
Алматыда әлеуметтік маңызы бар нан бағасын тұрақтандыру мақсатында «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Алматынан» нан-тоқаш комбинаты арасында келісім жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Мамыр, 2026
18 мамырға арналған валюта бағамы
18 мамыр бойынша Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2026
Биыл Алматыға газбен жүретін 500 автобус пен электробус сатып алынады
Бүгін Алматыда автобус парктеріне қоғамдық көлікке қойылатын экологиялық талаптар түсіндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2026
Алматылық дәрігерлер Италиядан келген туристің өмірін сақтап қалды
Қазақстанға турист ретінде келген Италия азаматы Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне шынайы алғысын білдірді. Дәрігерлер оған шұғыл әрі күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Алматыда 5%-дық ипотека беріледі: Жастарға арналған бағдарламаның шарттары қандай?
Алматыда 1 маусымнан бастап жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй несиесін ұсынатын «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Құжат биылғы жылдың 1-15 маусым аралығында қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2026
Алматы облысында соққыға жығылған жігіт қаза тапты: Күдіктілер қылмысты жасырмақ болған
Алматы облысы Боралдай кентінде табысқа байланысты туған жанжалдан кейін жас жігіт қаза тапқан. Марқұмның туыстары оның жұмыс орнында соққыға жығылғанын айтып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Алматы облысында қалдықтарды қайта өңдейтін 8 жаңа зауыт бой көтереді
Алматы облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласында жалпы құны 148,8 млрд теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 14 Мамыр, 2026
7 балдық жер дүмпуіне арналған дайындық: Алматыда ауқымды сейсможаттығу өтті
Алматыда қала аумағын қамтыған ауқымды сейсможаттығу ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар қызметі 7 баллдық жер сілкінісі кезінде әрекет ету тәртібін пысықтады. Оқу-жаттығуға 1000-нан астам ТЖД қызметкері мен бірқатар арнайы техника жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2026
Алматы облысында жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кетті
Алматы облысындағы көлік тізгіндеген жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кетті. Бұл ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 14 Мамыр, 2026
New Vision Forum: Алматыда әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосады
Алматы қаласында 11-13 маусым аралығында жыл сайынғы New Vision Forum халықаралық бизнес-форумы ұйымдастырылады. Ауқымды шара Орталық Азиядағы ірі іскерлік және технологиялық алаңдардың бірі саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды
Алматының тергеу соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамау мерзімін ұзартты. Бұл туралы оның адвокаты Радмир Өтепов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнім • 14 Мамыр, 2026
Қазақтың қымызы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды
JAS.BRANDS агенттігінің SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен DIELINE Awards 2026 халықаралық сыйлығының алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 14 Мамыр, 2026
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Алматыда бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері бар 10 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Ұсталғандар қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық, бопсалау секілді ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 13 Мамыр, 2026
Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр
Алматы қаласында мониторинг нәтижесінде 1595 заңсыз стационарлық емес сауда нысаны анықталған. Бұл туалы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берікбол Мәндібаев қала әкіміне берген есебінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2026
Алматыда 700-ге жуық суық қару мен тыйым салынған заттар тәркіленді
Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында заңсыз айналымнан 681 дана пышақ, кастет, дубинка және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де заттар тәркіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды
Алматыда ана өлімін тиісті органдарға уақтылы хабар бермеген медициналық ұйымға әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қалалық Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы Дамир Даулетбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Әлеуметтік желілерде жоғары сынып оқушысының мұғалімге қол көтерген видеосы тарады. Алматы облысының білім басқармасы бұл оқиғаның биыл қаңтар айында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Мамыр, 2026
Алматыда ардагерлер арасында Қажымұқанның 155 жылдығына орай турнир өтті
Алматыда қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 155 жылдығына орай грек-рим мен еркін күрестен «Ардагерлер алаңы» деп аталатын халықаралық турнирі өтті. Бұл жарыста Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Молдова, Грузия, Қырғызстан, Беларусь және Өзбекстаннан келген 500-ге тарта балуандар белдесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 08 Мамыр, 2026
Жасөспірімге қызмет көрсеткен: Алматыда ойын клубы заң бұзғаны үшін жабылды
Алматыда түнгі уақытта ойын клубында кәмелетке толмаған жасөспірімнің жүргені анықталып, клубтың жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Жапония пен Сингапурдан кем емес: Алматыдағы арнайы мектептің өнерлі өрендері көпті тәнті етті
Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орай Алматыдағы №2 арнайы мектеп-интернатта «Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
Есірткі ұсынып, бірге кетуге көндірген: Алматыда жасөспірім қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр
Алматыда жасөспірім қызға есірткі ұсынып, тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Мамыр, 2026
600-ден астам зат тәркіленді: Алматыда әлеуметтік желі арқылы қару сату дерегі әшкереленді
Алматыда аңсыз айналымнан пневматикалық қарудың партиясы анықталып, суық қаруға жататын заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 08 Мамыр, 2026
Алматы қаласының Жетісу ауданында дәмхана өртеніп, құтқарушылар 5 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 07 Мамыр, 2026
Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді
«Ауғанстан соғысы ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Абдушүкіров өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында Алматы тұрғындары мен қонақтарына үндеу жариялады. Өз хабарламасында ол қазақстандықтарды келе жатқан мерекелермен құттықтап, ұрпақ сабақтастығының маңыздылығын алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Мамыр, 2026
Алматыда студент сегізінші қабаттан құлап кеткен
Алматыда бірінші курс студенті университет ғимаратынан құлап, оқиға орнында көз жұмған. Аталған деректі оқу орнының медиаорталығы растаған, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 06 Мамыр, 2026
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
6 мамыр күні таңертең Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жолдың опырылу фактісі тіркелді. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан жолдың ортасында тереңдігі 2-3 метр болатын үлкен шұңқыр пайда болғаны анық көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 06 Мамыр, 2026
Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды
Алматыда болған жаппай жанжалдан кейін полиция оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 06 Мамыр, 2026
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматының Алғабас шағынауданы Бесінші белес көшесінде орналасқан автосервис нысаны сүрілді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Мамыр, 2026
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
6, 7, 8 мамырда Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» синоптиктері тұрғындарға ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Алматы әуежайын су басты: Мекеме басшылығына қандай шара қолданылады?
Алматы халықаралық әуежайының шатырын су басуына байланысты мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиғаға қатысты Көлік министрлігі мен құқық қорғау органдарының қатысуымен шұғыл кеңес өткізілді, деп жазады Egemen.kz.