Фото: ашық дереккөз
Қорғаушының айтуынша, Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда болады. Ол 18 наурызда Алматы қаласында тұтқындалған болатын. Сот тергеу барысында оны екі айға қамауға алуға санкция берді.
Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов белсендіге қатысты тергеу екі бап бойынша жүргізіліп жатқанын айтқан. Оның алғашқысы үлкен көлемдегі алаяқтық іске қатысты.
Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады
Бас прокуратура өкілінің айтуынша, бұл жағдай қоғам белсендісінің ұлттық компанияда жұмыс істеген кезеңіне байланысты. Ашық деректерге сүйенсек, Санжар Боқаев 2015-2018 жылдар аралығында «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болған.
Екінші айыптау ісі Алматыдағы ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуге қатысты. Тергеушілердің айтуынша, Боқаев ақшалай сыйақы алу үшін аз қамтылған азаматтарды ағаш кесуге тарта отырып, кейін әлеуметтік желіде бейнежазбаны таратып, қоғамда наразылық тудыруы мүмкін.
Аса ірі мөлшердегі алаяқтық және жалған ақпарат: Алматыда Санжар Боқаев ұсталды
Айыпталушының әрекетіне байланысты құқықтық бағаны сот береді.