Әлем • Кеше

Францияда 1700-ден астам адам карантинге алынды: Хантавируспен байланысы бар ма?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Бордо портында Ambition кемесінде болған жағдайға байланысты 1700-ден астам адам карантинге алынды. Олардың қатарында шамамен 1200 жолаушы және 500-ден астам экипаж мүшесі бар, деп жазады Egemen.kz.

Францияда 1700-ден астам адам карантинге алынды: Хантавируспен байланысы бар ма?

Фото: Pixabay.com

BBC мәліметінше, лайнерде 90 жастағы жолаушы көз жұмғаннан кейін жағдай ушыға түскен. Марқұмда құсу мен іш өту белгілері байқалған, бұл норовирус инфекциясына тән симптомдар ретінде сипатталып отыр.

Франция денсаулық сақтау органдары бұл жағдайдың хантавируспен байланысы жоқ екенін ресми түрде жоққа шығарды. Мамандар атап өткендей, қазіргі симптомдар норовирусқа немесе тағамнан улануға ұқсас болуы мүмкін.

Круиздік компания өкілдері мәйіттің нақты өлім себебі әлі анықталмағанын мәлімдеді. Ал Франция Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, лайнер бортында тағы шамамен 50 адамда дәл осындай белгілер байқалған.

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?

Бордо билігі үш жолаушының каюталарында оқшауланғанын, ал қалған жолаушылардың құрлыққа шығуына тыйым салынғанын хабарлады. Кемеде санитарлық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жаппай дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Круиз 6 мамыр күні Шетланд аралдарынан басталып, Белфаст пен Ливерпуль порттарына тоқтаған. Мамандардың айтуынша, ауру белгілері Ливерпульден кейін пайда болып, 11 мамырда шарықтау шегіне жеткен.

Денсаулық сақтау органдары симптомдардың тағамнан уланумен байланысты болуы мүмкін екенін де жоққа шығармай отыр. Дегенмен, билік бұған дейін басқа круиздік лайнерде тіркелген хантавирус ошақтарымен бұл жағдайдың байланысы жоқ екенін нақтылады.

Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

Соңғы жаңалықтар