Фото: Depositphotos.com
Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, көлік құралдарының бұрылуы Әл-Фараби даңғылы және Ф. Оңғарсынова көшесі бойымен аталған қиылысқа дейін ұйымдастырылады.

Сонымен қатар 14 мамырдан бастап Әл-Фараби даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында да қозғалыс уақытша шектеледі.
Қала билігінің мәліметінше, бұл аумақ құрылыс аймағына жатады және қазіргі уақытта мұнда асфальт төселмеген. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысының қарқыны төмен.
Уақытша өзгерістер кезінде көліктердің бұрылуы қиылысқа дейін жүзеге асырылады. Жүк көліктерінің қозғалысы сақталады. Алайда құрылыс жұмыстарының жекелеген кезеңдерінде оған уақытша шектеу қойылуы мүмкін.
Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды пайдалануға кеңес берді.