Фото: Depositphotos.com
Астанада ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде ауа температурасы +3…+5°C, күндіз +18…+20°C.
Алматыда да жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.
Шымкентте ауа райы бұлтты, жауын жоқ. Алайда жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +10…+12°C, күндіз +27…+29°C.
Ақтау және Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Атырауда күндіз ауа температурасы +30…+32°C-қа дейін көтеріледі.
Актөбе, Қостанай, Жезқазған қалаларында да тұрақты ауа райы сақталады, жауын-шашын жоқ. Жел екпіні кей жерлерде 15 м/с-қа дейін жетеді.
Көкшетау мен Көкшетау маңында да бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз.
Қызылордада күн ашық, бірақ жел күшейеді, екпіні 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы +29…+31°C болады.
Павлодарда түнде ауа температурасы +2…+4°C-қа дейін төмендеп, жер бетінде үсік жүруі мүмкін. Күндіз +14…+16°C.
Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында ауа райы құбылмалы. Семей мен Өскеменде жаңбыр жаууы ықтимал, желдің екпіні 15-18 м/с.
Талдықорған мен Таразда жауын-шашынсыз, бірақ кей өңірлерде жел күшейеді. Талдықорғанда түнде температура +1…+3°C-қа дейін төмендейді.
Түркістанда күн жылы, жауын жоқ, күндіз ауа температурасы +28…+30°C болады.
Уральскте де ашық ауа райы күтіледі, жел 9-14 м/с.
Синоптиктердің мәліметінше, 14 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы айтарлықтай құбылмалы сипат алады. Атап айтқанда, солтүстікте үсік, батыста шаңды дауыл қаупі сақталады.
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады