Пікір • Бүгін, 09:40

Сапаны арттыратын шешім

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республика­сының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл – еліміздің білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін стратегиялық шешім. Жаңа құжат – әрбір оқушының сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған маңызды қадам.

Сапаны арттыратын шешім

kaz.zakon.kz

Шындығында, жасанды интеллект мүмкіндіктері,  әсіресе  шалғай өңірлердегі ауыл мектептеріне тың серпін береді. Сондай-ақ оқушылардың жеке даму білім траекториясы, мұғалімдер­дің кәсіби дамуы, заманауи цифрлы инфрақұрылым, жоғары жылдамдықты интернет – мұның барлығы білім сапасындағы алшақтықты азайтып, жаңа мүмкіндіктер кезеңіне жол ашады. Ең бастысы, Жарлықта педагог мәртебесі мен ұстаз рөліне айрықша мән берілген.  Жасанды интеллект педагогті алмастырмайды, керісінше оның жұмысын жеңілдететін қосымша құралға айналады.

Білім саласында алдымызда тұрған ауқымды міндеттер көп. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі нәтижелі жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс жүргізіледі. Біздің мақсат –  жасанды интеллектіні елдің адам капиталы мен болашақ ұрпақтың әлеуетін арттырудың нақты құралына айналдыру.

 

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА,

Оқу-ағарту министрі

Соңғы жаңалықтар

Сәтті серпіліс

Пікір • Бүгін, 09:45

Сапаны арттыратын шешім

Пікір • Бүгін, 09:40