м
Өшпес даңқ • 06 Мамыр, 2026
Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжебай Мәденовке «Халық қаһарманы» атағы берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2026
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында болған өрттен келген шығын 90 млн теңге деп бағаланды. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 05 Мамыр, 2026
29 000 теңге: Қазақстанда FIFA World Cup 2026 монеталары сатылымға шықты
Елімізде FIFA World Cup 2026 чемпионатына арналған естелік монеталар сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 05 Мамыр, 2026
Кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат ережелері қатаңдайды. Енді кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады. Сонымен қатар, самокаттарға арнайы нөмірлік белгілер орнатылып, жол қозғалысы ережесін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл құқық бұзушыны нақты анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 05 Мамыр, 2026
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі ұйымдастырылады. Көрме 9 мамыр күні Отан қорғаушылар монументі жанында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2026
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Еліміздегі ең ірі жаңа кеме суға түсірілді. Ол Орал қаласындағы «Зенит» зауытында Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Мамыр, 2026
Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Иранның шекара қызметі шамамен 200 мың литр жанармайды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Мамыр, 2026
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
2026 жылғы 5 мамыр күні Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында өткен «Profi Day» мамандықтар жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына толық жеткен мазмұнды әрі тағылымды іс-шара болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Мамыр, 2026
Олжас Бектенов: инвесторларды қорғауды күшейтіп, кедергілерді жою қажет
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде инвесторлар құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы тосқауылдарды жою және шетелдік капиталды тарту жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Өскемендегі зауытта зардап шеккендерге көмек көрсету үшін елордадан дәрігерлер барады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазцинк» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Өскемендегі «Казцинк» зауытында болған жарылыс салдарынан бес адам әртүрлі жарақат алды. Оқиға 5 мамырда таңғы сағат 08:15 шамасында металлургиялық пешті күтіп-жөндеу кезінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 05 Мамыр, 2026
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Мамыр, 2026
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы стенд атудан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңіндегі алғашқы медалін жеңіп алды. Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, әйелдер арасындағы «скит» жаттығуында топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 05 Мамыр, 2026
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор, «Жер аманаты» партиялық комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Теміржанов соңғы 4 жылда 14,8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылғанын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Мамыр, 2026
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың мәліметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 05 Мамыр, 2026
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
6, 7, 8 мамырда Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» синоптиктері тұрғындарға ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Мамыр, 2026
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Әлеуметтік желіде «енді жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырудың өзіне айыппұл салынады» деген бейнеролик тарап, жүргізушілерді шатастырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Ақтауда есірткіге еліткен ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан. Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаменті растады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 05 Мамыр, 2026
Өскеменде жарылыстан кейін ауа сапасы нашарлады ма?
«Қазцинк» компаниясы Өскемендегі зауытта болған жарылыс пен өрттен кейінгі экологиялық ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Мамыр, 2026
Сурдлимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушылары 5,5 млрд теңге сыйақы алды
Қазақстанда халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғаған спортшылар мен олардың бапкерлерін қолдау жүйелі түрде жалғасып келеді. Осы бағыттағы кезекті қадам Сурдлимпиада жүлдегерлеріне қомақты сыйақы төлеу болды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 05 Мамыр, 2026
ІІМ: Қызметтік иттер көмегімен 50-ден астам кісі өлімі ісі ашылды
Қазақстанда өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 50-ден астам кісі өлтіру қылмысы ашылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі кинологиялық орталығы басшысының орынбасары Максим Чебан мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт заңсыз есірткі өсірген
Батыс Қазақстан облысында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жасырын фитозертхананың қызметін анықтады. Күдікке ілінген екі жігіт ағайынды болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыс: Зауытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Бүгін Өскемен қаласында орналасқан «Қазцинк» зауытында шаң сүзу цехындағы арнайы құрылғыда газ-ауа қоспасында жарылыс болған. Құтқарушылар келгенде қызыл жалын байқалған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Мамыр, 2026
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыс: Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алды
Бүгін Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауытында жарылыс болып, өрт салдарынан 2 адам қаза тапты. Үкімет отырысында Премьер-министр зауыттағы жағдайды жеке бақылауына алатынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Прокуратура қызметкерінің бейнесін пайдаланған дипфейк 240 мыңнан астам қаралым жинады
Бас прокуратура медиа-кеңістікте кеңінен таралып жатқан күмәнді бейнематериалдарға байланысты азаматтарды сақ болуға шақырды. Әсіресе, мемлекеттік орган атынан көмек ұсынатын жалған бейнематериалдардың көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Мамыр, 2026
Жылумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу: Олжас Бектенов әкімдерге тапсырма берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жылумен қамтамасыз ету нысандарын алдағы жылу беру маусымына уақтылы дайындау қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
«Қазцинк» зауытындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты
Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауытында болған жарылыс пен өрт салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 05 Мамыр, 2026
«Самұрық-Энерго» 111 жабдық пен 19,5 км жылу магистраліне жөндеу жүргізеді
Самұрық-Энерго 2026 жылы энергетикалық нысандарда кең көлемді жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 111 бірлік негізгі жабдық пен 19,5 шақырым жылу магистралін жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыстан зардап шеккендер саны 9-ға жетті
Өскемен қаласында «Қазцинк» зауытында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 9-ға жетті. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.