и
Бокс • 27 Мамыр, 2024
Лиценциялық турнир: Қазақстан боксшысы жеңіске жетті
Бүгін Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінде отандасымыз Римма Волосенко қарсыласын ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Мамыр, 2024
«Үйге кіріп, саусақ іздерін алуды сұрайды». ІІМ алаяқтықтың жаңа түріне қатысты үндеу жолдады
Ішкі істер министрлігі өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген бір топ адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Мамыр, 2024
«Қол кісенін шешіп, темекі берген»: Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды
Астанада Бишімбаевты ұстаған екі полиция қызметкері қатаң сөгіс алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Мамыр, 2024
Елдің шығысында 3 градусқа дейін үсік жүреді
Мамандар 28-30 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2024
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
2024 жылғы 24 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР-ның дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуын мерекелеу және бұқаралық спорт түрлерін дәріптеу шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Мамыр, 2024
Алматыда туристер мінген автобус аударылды
Алматы облысының Кеген ауданында жол апаты болып, салдарынан 13 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2024
«Саламатты Қазақстан» дәрігерлері Құлсары тұрғындарына көмек көрсетті
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 28 мамырды қоса алғанда Құлсары тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Білім • 27 Мамыр, 2024
Еліміздің мектептерінде емтихан басталды
Бүгін еліміздің мектептерінде аралық және қорытынды емтихандарды тапсыру кезеңі басталды. Емтихан 11 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 27 Мамыр, 2024
Заңгерлер астаналықтарға тегін кеңес береді
30 мамыр күні «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында елорда тұрғындары заңгерлерден тегін кеңес ала алады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 27 Мамыр, 2024
Елімізге еңбек мигранттары көбіне қай елдерден келеді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға қай елдің азаматтары жұмысқа келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 27 Мамыр, 2024
Елімізде инвестициялық кіріс шамамен 517,6 млрд теңгеге жетті
2024 жылдың 4 айында Қазақстан азаматтарының таза инвестициялық кірісі шамамен 517,6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 48,6 млрд теңгеге немесе 10,4% артық, деп хабарлайды Egemen.kz «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.
Тағайындау • 27 Мамыр, 2024
Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2024
Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Ұлытау облысындағы тасжолда ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 27 Мамыр, 2024
Олимпиадаға жолдама: Бүгін Бангкок рингіне екі боксшымыз шығады
27 мамыр Бангкок астанасы Таиландта Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан лицензиялық турнир жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2024
«2 автобуста 22 бала болған»: Полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды
Ақмола облысында патрульдік полицейлер трассада болуы ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алды. Патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Ахметовтың айтуынша, жазғы лагерден қайтқан 22 бала отырған екі шағын автобус 23 мамырда Бурабай ауданынан шыққан. Оқушылар қауіпсіздігі үшін колоннаны облыстық батальонның 4 взводының қызметкерлері Бүркіт Алшынбаев пен Рыспек Қабдрашев еріп жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 27 Мамыр, 2024
Бүгін елімізде суық ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК 27 мамырда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2024
Қостанайда үш жасар бала терезеден құлап кетті
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 26 Мамыр, 2024
Елімізде 1 шілдеден бастап ұялы байланыс пен интернет тарифтері қымбаттайды
1 шілдеден бастап ұялы байланыс пен интернет тарифтері қымбаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Мамыр, 2024
Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Мамыр, 2024
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан үш адам дене жарақатын алды, көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 26 Мамыр, 2024
Димаш Құдайбергенге жанкүйерлері концертінде тосынсый жасады
Шетелде үлкен концерт беріп, туған күнін атап өткен Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде тағы бір видеомен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Мамыр, 2024
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК 26 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Алматыда мектеп түлектерінің кортежі жазаланды
Алматыда жол ережесін бұзған жас түлектердің кортежі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Елімізде бір отбасы жылына 75 мың теңгесін мейрамхана мен дәмханаға жұмсайды
Қазақстан халқының тапқан табысы көбінесе мейрамхана мен дәмханада тамақтануға кетеді. Бір отбасы сырттан ас ішуіне жылына кемі 75 мың теңге жұмсайды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 25 Мамыр, 2024
Олимпиадаға жолдама: Назым Қызайбай бірінші жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады
Қазақстан боксшылары жеребе бойынша Таиландтағы лицензиялық турнирді бүгін бастады. Команда құрамынан алғаш болып, Назым Қызайбай шаршы алаңғы шықты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Мамыр, 2024
Париж-2024: Қазақстан қоржыны тағы бір жолдамамен толықты
Стенд атудан Қазақстан командасының өкілі Әсем Орынбай Париждегі Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті. Бұл туралы Олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Мамыр, 2024
Президент Иордан Хашимит Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен иордан халқын барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Иордания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Мамыр, 2024
Президент Төрегелді Шармановтың отбасына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Қар, - 3 градус аяз. «Екатеринбург - Алматы» тасжолы жабылды
25 мамыр таңертеңнен бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Екатеринбург - Алматы» тасжолы жабылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті
95 жасында Қазақ тағамтану академиясының президенті, белгілі нутрициолог Төрегелді Шарманұлы Шарманов дүниеден озды. Қайғылы қазаны Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.