Оқиға • 27 Мамыр, 2024

«2 автобуста 22 бала болған»: Полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында патрульдік полицейлер трассада болуы ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алды. Патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Ахметовтың айтуынша, жазғы лагерден қайтқан 22 бала отырған екі шағын автобус 23 мамырда Бурабай ауданынан шыққан. Оқушылар қауіпсіздігі үшін колоннаны облыстық батальонның 4 взводының қызметкерлері Бүркіт Алшынбаев пен Рыспек Қабдрашев еріп жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz мәліметіне сілтеме жасап.

«2 автобуста 22 бала болған»: Полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды

Фото: Polisia.kz

24 мамырға қараған түні сағат 02:15-те Екатеринбург-Астана жолымен Жақсы ауданы аумағында жүріп келе жатқан патрульдік экипаж қарсы жолақ бойымен қозғалған ауыр жүк көлікті байқады.

«Полицейлер жүргізушіге фаралар мен арнайы құрылғы арқылы сигнал берді, бірақ жүк көлігі қозғалысын жалғастырды. Кейінірек анықталғандай, көлік бұзылып, жүргізуші көлікті басқара алмаған. Соңғы мезетте ауыр жүк көлігі жүргізушісі рульді бұрып үлгерген, әйтсе де соқтығысуды болдырмау мүмкін болмаған, жүк көлігінің тіркемесі патрульдік көлікке механикалық зақым келтірді», делінген хабарламада.