м
Мектеп • 22 Желтоқсан, 2025
Оралда «Келешек мектебі» ашылды
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Дропперлік шоттардағы миллиардтаған теңге бұғатталды
Қазақстанда есірткі қылмыстарынан алынған кірістерді бұғаттауға арналған алгоритмді іске асыру басталды. Бұл туралы 2025 жылғы прокуратура органдарының жұмыс қорытындылары бойынша өткен алқа отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 22 Желтоқсан, 2025
Мемлекеттік басқару неге тиімсіз болып бара жатыр?
Экономист Руслан Сұлтанов елімізде мемлекеттік басқару ісі неліктен тиімсіз болып бара жатқанын атады. Оның пікірінше, бүгінде министрліктер өзінің құзіретінен тыс қызметтермен айналыса бастаған. Ол осы мазмұндағы пікірін ортаға салып, мәселені шешу үшін бірнеше ұсынысын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Желтоқсан, 2025
ArtSport-тың дәуірі аяқталды: Балалар енді тегін үйірмеге қатыса алмай ма?
Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ArtSport платформасы жұмысын тоқтатады. Алайда ата-аналарға алаңдауға негіз жоқ: мемлекеттік бағдарлама жойылмайды, тек оның есепке алу жүйесі өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёнді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 22 Желтоқсан, 2025
Қайтарылған активтер: 7,5 млрд теңге Қарағанды облысының медицинасына жұмсалады
Қазақстан Президентінің тапсырмасымен заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару аясында құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласын дамытуға 7,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Желтоқсан, 2025
Илон Масктың байлығы рекордтық деңгейге жетті
Әлемнің ең бай адамы Илон Маск санаулы күндердің ішінде дәулетін тағы 150 млрд долларға жуық сомаға еселеді. Forbes журналы миллиардердің жағдайы 749 млрд долларға жеткенін мәлімдеп, бұл өсімнің басты себебін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Желтоқсан, 2025
Алматыда ірі көлемдегі есірткі арнасы жойылды
Алматы мен Астанада жүргізілген арнайы операция нәтижесінде есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 16 келіден астам гашиш тәркілеп, өңіраралық қылмыс арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Желтоқсан, 2025
Қарағанды мектептеріне төнген қауіп туралы ақпарат жалған болып шықты
Қарағанды облысының құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларына қатысты тараған суыт хабарды ресми түрде теріске шығарды. Полиция департаменті жүргізген шұғыл тексеріс нәтижесінде білім ошақтарына төніп тұрған ешқандай нақты қауіп анықталған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Желтоқсан, 2025
Килиан Мбаппе Криштиану Роналдудың рекордын қайталады
«Реал Мадридтің» шабуылшысы Килиан Мбаппе 1 жыл ішінде салынған голдар көрсеткіші бойынша корольдік клубтың бұрынғы аңыз ойыншысы Криштиану Роналдумен теңесті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2025
ERG мен Жапония әріптестігі: Галлий өндірісіндегі Қазақстанның серпілісі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) жапондық жетекші компаниялармен бірқатар стратегиялық келісімге қол қойды. Бұл келісімдер Қазақстанның сирек және аса маңызды минералдар нарығындағы орнын нығайтып, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға серпін береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 22 Желтоқсан, 2025
Алматыда жер сілкінісі сезілді
Бүгін түнде, 22 желтоқсанда алматылықтар жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 21 Желтоқсан, 2025
Алматыда студент оқытушыны пышақпен жарақаттады
Алматыдағы ALT University студенті оқытушыны пышақпен жарақаттады. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Желтоқсан, 2025
Семейде жаңа өндірістік цехы іске қосылды
Абай еліндегі ірі экспорттаушы кәсіпорындардың бірі – «Казполиграф» ЖШС-нің жаңа өндірістік желісін – «Gable Top» картон қаптамалар цехы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Экономика • 21 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда алғаш рет сирек жер металдарын өндіретін ірі кен орны анықталды
Қарағанды облысында елдің минералдық-шикізат әлеуетін жаңа деңгейге көтеретін сирек кездесетін жер металдарының ауқымды әлеуетті алаңы анықталды. «Жаңа Қазақстан» деп аталған жаңа кен орны – тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі геологиялық жаңалықтардың бірі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Желтоқсан, 2025
Әлемде алғаш рет арбаға таңылған әйел ғарышқа ұшты
Халықаралық деңгейде ғарыш кеңістігінің шекарасы ретінде мойындалған Карман сызығынан алғаш рет мүгедектер арбасындағы адам ұшып өтті. Германияның 33 жастағы азаматы Михаэла (Мичи) Бентхаус Blue Origin компаниясының New Shepard бағдарламасы аясында ғарышқа сапар шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 21 Желтоқсан, 2025
Халық әртісі Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті
КСРО Халық әртісі, кино және театр өнерінің абызы Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2025
Алматы тауларында сноуборд тепкен қыздың мәйіті табылды
Алматы тауларында сноуборд теуіп жүріп жоғалып кеткен қыздың мәйітін құтқарушылар тапты. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
Әлем • 21 Желтоқсан, 2025
Илон Масктің байлығы 700 млрд доллардан асты
SpaceX, Tesla және xAI компанияларының негізін қалаушы Илон Маск тарихта алғаш рет байлығы 700 млрд доллардан асқан адам болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 21 Желтоқсан, 2025
Отбасы институты мен рухани құндылықтар талқыланды
Алматы облысында қоғамның рухани дамуы, отбасы институтын нығайту және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне арналған «Ислам және отбасы құндылықтары» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2025
Жазда маусым айында облыс әкімінің бастамасымен «Туған жерге туыңды тік» деген кең ауқымды инвестициялық форум ұйымдастырылып, оған депутаттар, шетелдік және отандық инвесторлар, осы өңірден шыққан ірі кәсіпкерлер қатысып, Абай облысын дамыту жоба-жоспары талқыланған. Облыс әкімдігі және инвесторлар арасында 15 түрлі меморандум жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2025
Қонаевта басты шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды
Қонаев қаласында тұрғындар мен қонақтарға ерекше жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған дәстүрлі мерекелік шара өтті. Қысқы кештің шырайын келтірген салтанатты басқосуға биыл 15 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 20 Желтоқсан, 2025
Шымкентте науқастың бүйрегін емдеп, қайта өзіне салды
Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек аутотрансплантациясы сәтті жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 20 Желтоқсан, 2025
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде 20 желтоқсандағы шетел валюталарының орташа бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Желтоқсан, 2025
Келесі жылы жұмыссыздар үшін медсақтандыруды әкімдік төлейді
Қабылданған заңға сәйкес, дағдарысты және шұғыл жағдайда жүрген азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша жарналарды төлеу жергілікті атқарушы органдардың міндетіне жүктелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 20 Желтоқсан, 2025
Алматы қалалық күрес федерациясы 2025 жыл үздігі атанды
Биыл алматылық балуандар республикалық турнирлерде 141, халықаралық жарыстарда 34 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Желтоқсан, 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар
Нөсер жауыннан Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қалаларды су басты. Ел билігі тұрғындарды үйде қалуға, су басқан аймақтардан аулақ болуға және саяхатты шектеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Желтоқсан, 2025
Денсаулық сақтау саласының үздік 7 көрсеткіші аталды
Денсаулық сақтау министрлігі жүргізіліп жатқан реформалардың және азаматтардың өмірі мен денсаулығының сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясатты дәйекті іске асырудың нәтижесі болған денсаулық сақтау саласындағы қызметті қорытындылайды.
Жемқорлық • 20 Желтоқсан, 2025
Бюджет қаражатын жымқырды: Жетісу облысында мәдениет үйін жөндеу үшін 212 млн теңге рәсімделген
Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында орналасқан Мәдениет үйін күрделі жөндеу кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.