Қоғам • Кеше

Парламентаризм институты жаңа Конституция жобасын қолдады

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда Конституциялық реформа шеңберінде жаңа Ата заң жобасын қолдау шаралары жалғасып жатыр. 12 ақпанда республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде жаңа Конституция жобасы ресми жарияланды. Құжат 2025 жылдың қазан айынан бастап әзірленді. Алдағы республикалық референдум 15 наурызға жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламентаризм институты жаңа Конституция жобасын қолдады

Парламентаризм институты реформалық процесте белсенді рөл атқарып, азаматтардан келген 600-ге жуық бастаманы жан-жақты сараптап, мазмұндық және стратегиялық маңызды ұсыныстарды Парламенттік реформа жөніндегі отырыстарға шығарды. Институт директоры Наталья Пан жұмыс тобы құрамында негізгі ережелерді талқылауға қатысып, жаңа жобаның кәсіби сараптамасын қамтамасыз етті.

Парламентаризм институтында өткен жаңа Конституция жобасын талқылау іс-шарасына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Іс-шараны институт директоры Наталья Виссарионовна Пан жүргізді.

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев Конституция жобасының заманауи сын-қатерлерге жауап беретінін атап өтіп, оның саяси жүйені жаңғыртуға және халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуын нығайтуға бағытталғанын айтты.

«Конституция – уақыт пен қоғам сұранысына жауап беретін өміршең құжат болуы тиіс», деді депутат.

Ол Ата заңды қабылдау бүкіл халықтың ортақ шешімі болуы қажеттігін айтып, азаматтарды алдағы референдумда жобаны қолдауға шақырды.

Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ халықаралық шарттарды қолдану нормаларына кеңінен тоқталды.

«Халықаралық және ұлттық құқық өзара іс-қимыл мен үйлестіру тетіктеріне негізделеді, бұл екі құқықтық жүйенің дербестігін айқындайды» деді Ү.Шапақ.

Ұсынылып отырған жаңашылдықтар Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне адалдығын сақтай отырып, құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді.

Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды

Қоғамдық сана мен азаматтық бірегейлік

Жиында сондай-ақ Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» директоры Индира Аубакирова, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Ғали Дінмұхаммед Әзімбайұлы баяндама жасады.

Ғали Дінмұхаммед Әзімбайұлы соңғы әлеуметтік зерттеу деректері бойынша азаматтардың 70-75 %-ы өзін ең алдымен Қазақстан азаматы ретінде айқындайтынын атап өтті.

«Бұл қоғамда азаматтық сана басымдыққа ие тепе-теңдік сақталғанын білдіреді. Мұнда бөліну емес, ортақ азаматтық негіз туралы сөз болып отыр», деді спикер.

Оның айтуынша, «Біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз» деген тұжырым жалпыұлттық бірлік идеясын білдіреді, ал әр азамат этникалық тиесілігін еркін айқындай алады.

Гүлісхан Нахбаева «Қазақстан жастары – 2025» зерттеуінің нәтижелерін келтіріп, жастардың саяси үдерістерге қатысуға бейім екенін айтты.

«Саяси күн тәртібіне қызығушылық әртүрлі деңгейде қалыптасқан: 34,6 %-ы мезгіл-мезгіл назар аударады, 26,8 %-ы маңызды оқиғалар кезінде белсенді, ал 14,3%-ы тұрақты түрде қадағалап отырады», деді Г. Наухабаева.

Жаңа Конституцияда жеке деректерді сақтауға заңмен кепілдік беріледі

Қорытынды

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын жариялап, оның мемлекетті одан әрі дамыту, демократиялық институттарды нығайту және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіндегі рөлін арттыру тұрғысынан стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

Жаңа Конституцияда ел азаматтығына қатысты қандай ережелер ұсынылған?

Соңғы жаңалықтар