Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Су үнемдеудің жаңа тетіктері әзірленді
Мемлекет басшысының жыл сайын 150 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларды заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыру тетіктерін әзірледі. Сала министрлігі фермерлерге су үнемдеу технологияларын сатып алу-орнату бойынша және инфрақұрылым тарту кезінде ұңғыма бұрғылауға жұмсалған шығындардың өтемақы мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Тамыз, 2025
Бүгін Азия чемпионатының финалында 9 боксшымыз бақ сынайды
Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатының финалдық бәсекелері басталды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Тамыз, 2025
Елімізде тамыздағы ҰБТ басталды
10 тамызда елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталып, 14 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 11 Тамыз, 2025
Оқушылар халықаралық робототехника чемпионатында топ жарды
«Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары Қытайдың Макао қаласында өткен халықаралық робототехника чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Тамыз, 2025
Қазақстанда 40 градусқа дейін ыстық болады
Қазгидрометтің мәліметінше, 11 тамызда республиканың басым бөлігінде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады, бірақ кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Абай облысында сумен жабдықтау жүйесін салуға 10 миллиард теңге бөлінді
Үкімет қомақты соманы елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен бөлу туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Ұлытаулықтар ұлы ойшыл рухына тағзым етті
Ұлытау облысында қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған Ұлы Абайды ұлықтау күні салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шара Абай ескерткіші жанында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Абай – қазақ ұлтының ар-ожданы, сөз өнерінің шыңы
Қызылорда облысының әкімі ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, қазақ халқының рухани шамшырағы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай жерлестерін құттықтады.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Ақтөбеліктер Абайдың шығармашылығына саяхат жасады
Таңертеңнен бастап Ақтөбеде ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының есімімен аталған бульварда «Абай күні» әдеби фестивалі өтті.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Ақтөбеде дүниеге келген нәрестелерге Абай есімі берілді
Ақтөбе өңірінде 10 тамыз - Абай күнінде барлығы 35 ұл мен қыз дүниеге келді. Оның екеуі ұлы ойшыл Абай есімімен аталды.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Қызылордада Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Қызылордадағы №2 Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп алдында орналасқан Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Президент • 10 Тамыз, 2025
Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев World Dog Show 2025 дүниежүзілік көрмесіне қатысып, халықаралық аренада лайықты бағасын алған қазақы тазыны ұлттық бренд, мәдениетіміздің ажырамас бөлшегі ретінде халықаралық деңгейде толық таныту ортақ міндет екеніне назар аударды.
Денсаулық • 10 Тамыз, 2025
Астана жұрты донорлыққа қолдау білдірді
Жыл сайын Астанада өтетін Jüregımnıñ Jeñımpazy қайырымдылық жүгіру фестиваліне 5 мыңға жуық адам жиылды. Олар трансплантацияны күтіп жүрген науқастарға ниет-тілегін, қолдауын осылай білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Талдықорғанда Абайдың 180 жылдығына арналған мерекелік шара өтті
Бүгін Талдықорған қаласында Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Тамыз, 2025
Президент Қазақстан кинологтар одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтады
Хельсинкиде өткен «World Dog Show 2025» дүниежүзілік көрмесінде алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылған қазақ тазысы жүлделі орындарға ие болды.
Президент • 10 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті АҚШ Президенті Дональд Трамптың белсенді әрі тиімді атсалысуымен Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы тарихи декларацияға қол қойылуымен құттықтады.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Орал жұрты хакімнің өлеңдерін оқыды
Бүгін ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Орал қаласында оның ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Көкшетауда Абайдың 180 жылдығы кең ауқымда аталып өтті
Көкшетау жағалауы бүгін саз, поэзия, өнер мен қолөнер тоғысқан ерекше мерекелік алаңға айналды. Ақмола облысында ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Тамыз, 2025
Көпшілік чектерді қағаз сияқты макулатураға өткізуге болады деп ойлайды. Бірақ экологтардың айтуынша, кассалық чектер – ерекше өңдеуді қажет ететін қалдықтар, сондықтан оларды қайта өңдеуге жіберуге болмайды.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Алматы облысында Абайдың 180 жылдық мерейтойы аталып өтті
Алматы облысында ұлт ұстазы Хәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында өңірдің 119 мәдениет үйі мен 144 кітапханасы, 15 музейінде жыл басынан бері 30 мыңға жуық адамның қатысуымен 146-ға тарта кездесу, концерт, көрме және әдеби акциялар ұйымдастырылды.
Парламент • 10 Тамыз, 2025
Абай облысында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Қарағандыда Абайдың 180 жылдығына орай 300-ге жуық іс-шара өтті
Қарағанды облысында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 10 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне және тіліне ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Түркістанда Абайдың 180 жылдығына орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Түркістанда қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына және «Абай күніне» орай рухани мазмұндағы іс-шара өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Атырауда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тойланды
Атырау қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған "Хәкім Абайдың ізімен" атты ауқымды мәдени іс-шара өтті. Мереке Абай ескерткіші алдындағы алаңда ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Тамыз, 2025
Құмырсқаның илеуінен құрылыс нысанына дейін
Әңгімені әлімсақтан бастасақ, адам зәузаты табиғат тылсымын ұғып, шикі асты құнарға, құр тасты құралға айналдыруды үйренген сәттен бастап, өзіне жайлы мекен жасауға бейімделе берді. Құмырсқаның илеу қазып, қарлығыштың ұя салғанын көрген арғы нәсіліміз баспана маңызын ұғына түсті.Тарих тамырына үңілсек, Африкадағы Олдувей шатқалында адамдар лава кесектерінен тегіс алаң жасап, алғашқы құрылыс әрекетін осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын жүзеге асырған көрінеді. Ал қазіргі қазақ даласындағы алғашқы құрылыс та тым ерте, біздің заманымыздан үш мың жыл бұрын Ботай қонысында басталған. Осы уақытта бабаларымыз жылқыны қолға үйретіп, балшық пен ағаштан жасалған үйлерді тұрғызып үлгерген. Дәуір доңғалағы айналып, жаңа заманға жеткізген қазіргі күнде де еліміздегі құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Қала жаңарып, ауыл түлеп, инфрақұрылым кеңейіп жатқан тұста бұл саланың жүгін арқалап жүрген мамандардың еңбегі ерен.
Қоғам • 10 Тамыз, 2025
Құрылыс саласында желдету жүйесінің маңызы қандай?
Қазақстанда құрылыс саласы қарышты дамып келеді. Бұл сөзімізді сандық деректер де сенімді ете түседі. Ұлттық сататистика бюросының мәліметінше, еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемінің 6 пайызын осы құрылыс саласы қамтып отыр. Саланың серпін алуы халық саны мен сұранысының өсуімен де байланысып жатыр. Себебі кейінгі жылдары тұрғын үй құрылысы қарқын алып, 2024 жылы 19,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық белесті бағындырған. Құрылыс саласының өзі он саусақтай тармақталып жатыр. Техник, инженер, жобалаушы, тас қалаушы, монтаждаушы, дәнекерлеуші, желдету жүйесінің мамандары, сантехник, әртүрлі жұмысты атқаратын адам деп толассыз тізімді жалғай беруге болады. Біз бүгін «ғимарат тынысын ашатын», желдету жүйесін жетік меңгерген майталман маман Алексей Никишин және оның ұлы Кирилл Алексиевич жұмысы туралы баяндаймыз, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Тамыз, 2025
Құрылыс саласының бүгінгі келбеті мен еңбек адамының үні
Соңғы жылдары елімізде тұрғын үй құрылысы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды. Миллиондаған шаршы метр баспана салынып, мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Бірақ сол үйлердің іргесін қалаған қарапайым еңбек адамдары – құрылысшылардың еңбегі жиі көлеңкеде қалып жатады. Бұл жолы Egemen.kz тілшісі құрылыс саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан құрылысшы Бейсенбаев Дулат Төкенұлымен сөйлесіп, саланың ішкі сыры мен жұмысшының жан дүниесіне үңілдік.
Мереке • 10 Тамыз, 2025
Тамыз айының әр екінші жексенбісінде Құрылысшы күні аталып өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл
Ұлы ақынның мерейтойы биыл ел көлемінде он күн бойы аталып өтуде, деп жазады Egemen.kz.