Салық • Бүгін, 15:41

Декларацияны жасырғандарға айыппұл салынады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде келер жылдан бастап жеке тұлғаларға арналған жаңа салық талабы күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.

Декларацияны жасырғандарға айыппұл салынады

Фото: ашық дереккөз

Егер азамат декларацияда шетелдегі мүлкін немесе банктегі қаражатын көрсетпесе, ешқандай ескерту жасалмай, бірден айыппұл салынады. Оның көлемі – 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни шамамен 393 мың теңге.

Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Дина Құсайынова жаңа тәртіптің мәнін түсіндірді:

«Егер жеке тұлға елден тыс жерде орналасқан мүлкін немесе шетелдік банктегі ақшасын декларацияда көрсетпесе, бірден 100 АЕК айыппұл салынады. Ешқандай алдын ала ескерту болмайды. Қазақстан біраз жылдан бері шетелдік юрисдикциялармен ақпарат алмасып келеді. Сондықтан мәліметті жасырудың еш мәні жоқ», деді ол.