
Арнайы операция кезінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қолға түсті. Олар осы қылмысты ұйымдастырып жүрген топ басшысы, дропперлерді тартумен айналысқан екі күдікті сондай-ақ қолма-қол ақша алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған тасымалдаушы. Осы іске қатысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде.
Айта кету керек қылмыскерлерді ұстау іс-шарасы қалалық прокуратураның үйлестіруімен қолға алынды. Полиция департаменті мамандарының айтуынша 16 қыркүйектен бастап елімізде банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жасаған азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.