и
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023
Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей рейстер саны артады
Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Air Asia Х әуе компаниясының бас директоры Беньямин бин Исмаил және компания өкілдерімен кездесті. Тараптар Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту перспективасын, жолаушыларды арттыру жоспарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 21 Желтоқсан, 2023
Спорттағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері тексеріледі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласында жемқорлық әрекеттердің бар-жоғын анықтап, талдау жүргізеді. Антикор Туризм және спорт министрлігін тексеруді бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023
Мигранттарға арналған портал іске қосылды
Қазақстанда Migration.enbek.kz көші-қон ресурстары порталы іске қосылды. Ол көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Желтоқсан, 2023
Әлем чемпионаты - 2024: Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің үздігі атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы А тобында сынға түсті. Іріктеу кезеңінің 6 ойынын да жеңілмеген ұлттық құрама 2024 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің қорытындысында Еуропадағы үздік команда деп танылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 20 Желтоқсан, 2023
«Сары тентек» атанған ақынның кітабы оқырманға жол тартты
Ақын, халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты «қазақтың сары тентегі» атанған Қуаныш Мақсұтовтың жуырда жарық көрген «Құт» кітабының тұсаукесері өтті.
Спорт • 20 Желтоқсан, 2023
Жасөспірімдердің қысқы олимпиадасына қанша жолдама алынды?
Келесі жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасына қанша жолдама бұйырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 20 Желтоқсан, 2023
Бүгін Қостанай облысында Парламент Сенатына депутаттыққа өту бойынша сайлау өтті. Нәтижесінде Amanat партиясы филиалының төрағасы Бибігүл Аққұжина аталған аймақтан Сенатқа өкіл болып сайланды, деп жазады Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясының сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 20 Желтоқсан, 2023
Футзал: Бүгін Қазақстан-Румыния матчы өтеді
Бүгін Бухарест қаласында футзалдан әлем чемпионаты элиталық іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Румыния құрамасымен ойнайды. Румыния – Қазақстан кездесуі елорда уақытымен 23:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Желтоқсан, 2023
Түркияның Анкара қаласында «Ұлы Дала Алтыны» көрмесі таныстырылды
Түркияның Анкара қаласында тарихи Анадолы өркениеттер музейінде «Ұлы Дала Алтыны» атты көрме ашылды. Көрме авторы – белгілі археолог, профессор, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев. Көрмеге әйгілі Берел, Елеке сазы, Қарақаба археологиялық орындардан табылған жәдігерлер топтамасы қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023
Қыста автокөлік әйнегін артық шығынсыз мұздан тазартудың ең оңай 5 тәсілі
Автокөліктің алдыңғы әйнегі ауа райының барлық «тосын сыйларын» алғаш болып қарсы алатын жабдық. Жазда шаң-тозаң жиналса, қыста мұз қатады. Біздің елдің климаттық жағдайында қыста алдыңғы әйнектерді жиі мұз «жаулап» жатады. Автокөлік әйнегіндегі мұндай жағдай сырттағы және машина ішіндегі температураның сай келмеуінен туындайды.
Спорт • 20 Желтоқсан, 2023
Еліміздің үш хоккей құрамасы әлемдік элиталы дивизионда ойнайды
Мажарстанның бас шаһары Будапештте шайбалы хоккейден жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионаты аяқталды. Жаһандық додада Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын біріншіліктің бас жүлдесін жеңіп алды. Жерлестеріміз бастапқы төрт ойында Мажарстан, Франция, Дания, Жапония құрамаларын тізе бүктірсе, соңғы матчта Аустрия жастарына булиттер сериясында есе жіберді. Жарыс қорытындысында Сергей Старыгин шәкірттері 13 ұпаймен топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 20 Желтоқсан, 2023
Медицина: өлім-жітім көрсеткіші төмендеді
Биыл отандық денсаулық сақтау саласында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Астанада бірегей жабдықтармен жарақтандырылатын Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталып келеді. Бұл туралы Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сүйеніп хабарлайды.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023
Екі компаниядан 10,7 млрд теңге айыппұл өндірілді
Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізіп, талапты бұзған екі компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023
Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 120 млн доллар қайтарды
Қайрат Сатыбалдыұлының активтері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2023
Президент шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Әмірі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сисиді Мысыр Араб Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Биыл отандық әуе компаниялары 12,3 млн жолаушы тасымалдаған
Көлік министрі Марат Қарабаев биылғы 11 айда отандық әуе компаниялары 12,3 млн жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артық екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтатады
Мәдениет және ақпарат министрлігі 23 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін телеарна мен радиолар жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Желтоқсан, 2023
Астанада бір түнде 44 жол апаты тіркелді
Қалалық полиция департаменті ауа райына және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларына барынша мұқият болуға кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Желтоқсан, 2023
Гимнасттар Париж Олимпиадасына дайындықты бастады
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев гимнастика федерациясының басшылығымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында көркем және спорттық гимнастика өкілдері жылды қорытындылап, Париж Олимпиадасына дайындық жоспарларын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
1 орынға 128 үміткер. Жастар кадр резервіне іріктеудің соңғы кезеңі басталды
Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен 19-23 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ақтық кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2023
Шымкентте мәдениет үйінің төбесі опырылып, студент қаза тапты
Шымкентте жылдар бойы қаңырап тұрып, биыл 13 қарашада мемлекет меншігіне қайтарылған мәдениет үйінің төбесі опырылып, 18 жастағы медколледж студенті қаза тапты, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден озды. Бұл туралы актер өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Желтоқсан, 2023
Энергетика вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Нәресте ұшақта дүниеге келсе не болады?
Танымал саяхатшы-блогер Евгений Плесовских ұшақ бортында босану процесінде барша білу керек мәліметтерді мәлім қылды. Ол қазіргі таңда бортсеріктер (стюард, стюардесса) ұшу кезінде осындай жағдай бола қалса көмектесуге дайын екенін айтты. Блогердің сөзінше барлық авиакомпания қызметкерлері ұшақта жүкті әйелді босандыру жайын арнайы оқып, үйренеді, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 19 Желтоқсан, 2023
«Қазақфильмде» фильм түсіруге бөлінген 400 млн теңге ұрланған
Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Желтоқсан, 2023
10 минутта қанша тапты? Шавкат Рахмонов рекордтық сыйақы алды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде жерлесіміз Шавкат Рахмоновтың жеңісі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Желтоқсан, 2023
Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі көрсеткіші белгілі болды
ММА шебері Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді промоутерлік ұйым UFC-дің көшін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.