Мәдениет • 20 Желтоқсан, 2023

Түркияның Анкара қаласында «Ұлы Дала Алтыны» көрмесі таныстырылды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Анкара қаласында тарихи Анадолы өркениеттер музейінде «Ұлы Дала Алтыны» атты көрме ашылды. Көрме авторы – белгілі археолог, профессор, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев. Көрмеге әйгілі Берел, Елеке сазы, Қарақаба археологиялық орындардан табылған жәдігерлер топтамасы қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркияның Анкара қаласында «Ұлы Дала Алтыны» көрмесі таныстырылды

Фото: gov.kz

Берел қорымынан табылған әйелдер киімдерінің және ат әбзелдерінің ғылыми реконструкциялары көрмедегі ең көз тартатын жәдігерлердің бірі болды. Сонымен қатар VIII ғасырда өмір сүрген жауынгер-музыканттың реконструкциясы, Қатонқарағай ауданы Қарақаба қорымынан табылған музыкалық аспаптар, дулыға маскасы, әшекейленген жауынгерлік белбеу, қынап, қылыш, садақ, жебелер, Қимақ қағанаты жауынгерінің қару-жарақтары, киімдері таныстырылды.

Мәдениет министрлігі

Тоқыма бұйымдарының реконструкциялары Венгрия шеберханасында арнайы табиғи жібек матадан жасалған.

Көрменің маңызды элементі - №11 Берел қорғанынан (б.з.д. IV-III ғғ.) табылған ат әбзелдері болып табылады. Ат әбзелдерінің салтанатты әшекейлері оның дәрежесіне қарай ерекше керек-жарақтары болуымен, атап айтқанда, алтын өрнектермен безендірілген ағаш мүйіз маскасымен және былғарымен ерекшеленеді. Ершік полиморфты жануарлардың бейнелерімен безендірілген.

Көшпелілер дәуіріндегі зергерлік бұйымдар өркениет дамуының ең биік деңгейін, сондай-ақ, өткен ғасырлардағы зергерлердің тамаша шеберлігін көрсетіп, қазақ халқының тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ сол күні музейде Зейнолла Самашевтың «Көне түрік бейнелеу өнері» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25