Спорт • 20 Желтоқсан, 2023

Еліміздің үш хоккей құрамасы әлемдік элиталы дивизионда ойнайды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мажарстанның бас шаһары Будапештте шайбалы хоккейден жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионаты аяқталды. Жаһандық додада Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын біріншіліктің бас жүлдесін жеңіп алды. Жерлестеріміз бастапқы төрт ойында Мажарстан, Франция, Дания, Жапония құрамаларын тізе бүктірсе, соңғы матчта Аустрия жастарына булиттер сериясында есе жіберді. Жарыс қорытындысында Сергей Старыгин шәкірттері 13 ұпаймен топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің үш хоккей құрамасы әлемдік элиталы дивизионда ойнайды

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Жастар құрамасының аталған жеңісінен кейін Қазақстан тарихи жетістікке қол жеткізді. Атап айтқанда, 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының элиталы дивизионында бірден үш құрамамыз – яғни, жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы ұлттық құрама өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Хоккейшілерді жарқын жеңістерімен құттықтаған Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев биыл шайбалы хоккейден әр жастағы ұлттық құрамаларымыз тамаша нәтижеге қол жеткізіп, тарихта алғаш рет әлем чемпионатының элиталы дивизионында ойнайтынын, елімізде шайбалы хоккейдің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Еске салайық, биыл сәуір айында жасөспірімдер құрамасы IA дивизионындағы әлем чемпионатында бірінші орынды иеленіп, элиталы топқа жоғарылаған. Ал ересектер құрамасы топтық кезеңде үш рет жеңіске жетіп, элиталы топтағы орнын сақтап қалды және топ-дивизионда қатарынан төртінші жыл ойнағалы отыр.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25