у
Мектеп • 02 Сәуір, 2026
Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді
Елордадағы мектептердің бірінде педагогтың оқушыға физикалық күш қолданғаны анықталып, ол қызметінен босатылды. Бұл деректі қала әкімдігінің Білім басқармасы растады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды
Зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне негізделуі мүмкін. Сенатор Амангелді Нұғманов жасқа байланысты емес, еңбек өтіліне негізделген зейнетақы жүйесіне кезең-кезеңімен көшуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл қадам елдегі әлеуметтік саясатты жаңғыртып, еңбекке ынталандыруды күшейтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?
SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX 8 үлгісіндегі екі жаңа әуе кемесімен толықты. Әуе компанияның паркіне бір мезетте екі борт алғаш рет алынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Сәуір, 2026
Семсерлесуден жаһандық турнирде Қазақстан спортшысы жүлдегер атанды
Бразилияның бас шаһары Рио-де-Жанейрода семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Сәуір, 2026
АҚШ Венесуэланың уақытша президентіне салынған санкцияларды алып тастады
АҚШ Қаржы министрлігі Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригеске қатысты енгізілген санкцияларды алып тастады. Бұл туралы ресми ведомство хабарлағанымен, шешімнің нақты себептері жария етілмеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Магниттік дауыл кезінде адам ағзасында қандай өзгеріс болады?
2 сәуір күні таңертеңнен бастап Жерде геомагниттік құбылыстар байқала бастады. Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс Күндегі короналдық тесіктің әсерінен туындап отыр, ал алдағы сағаттарда магниттік дауыл күшеюі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 02 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Қытайға экспорт – ШЫҰ іріктеуі» форумына қатысты. Бұл алаң қазақстандық экспортты Қытай нарығына ілгерілетудің негізгі тетіктерінің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Алматыда наурыз айының ортасында ұсталған белсенді Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық істің мән-жайын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2026
Елордада тиімді бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен түрлі өңірлерден келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 02 Сәуір, 2026
Полицейдің жағы сынған: Атырау облысында жанжал шығарған бір топ азамат сотталды
Қазақстанда құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жаза күшейтілді. Бас прокуратураның бастамасымен сот шешімі қайта қаралып, сотталғандардың жазасы бостандығын шектеуден нақты бас бостандығынан айыруға өзгертілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Аутизмді ерте кезеңде қалай анықтаймыз?
Қазақстанда аутистік спектрдегі бұзылыстарды (АСБ) ерте анықтау және балаларға кешенді қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бастамалар ерте диагностика сапасын арттыруға, көмек көрсетуді қолжетімді етуге және балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 02 Сәуір, 2026
Жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін комбинат салынады
Қазақстан мен Қытай өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтіп, елімізде ауқымды металлургиялық жоба іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба аясында жылына 3 млн тоннаға дейін болат өндіретін заманауи комбинат салу көзделген. Бұл – өндірісті дамытып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін маңызды бастама, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 02 Сәуір, 2026
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 110-орынға көтерілді
Қазақстан ұлттық футбол құрамасы жаңартылған Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) рейтингінде өз позициясын жақсартты. Бұл көрсеткішке Астанада өткен FIFA Series турниріндегі сәтті ойындар тікелей әсер етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында 13 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті
Қарағанды облысы Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып кетті. Ішкі істер министрлігі жасөспірімді іздеу жұмыстары басталғанын хабарлап, көрген-білгендерді хабар беруге шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Сәуір, 2026
Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
2-4 сәуір аралығында Қазақстан аумағында ауа райы айтарлықтай құбылмалы болады. Елдің бірқатар өңірінде көктемнің жылы әрі құрғақ ауа райы сақталғанымен, батыста және кейіннен басқа аймақтарда жауын-шашын, найзағай және екпінді жел күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 02 Сәуір, 2026
«Qazaq Digital Mektebi»: Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтық жойыла ма?
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева еліміздегі ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім алшақтығын жою мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Сәуір, 2026
Әйгілі могулшы Юлия Галышева кәсіби мансабын аяқтады
Отандық қысқы спорт тарихында өшпес із қалдырған Юлия Галышева халықаралық деңгейдегі спорттық мансабын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 02 Сәуір, 2026
Ақтауда бухгалтер жүкті әйелдер арқылы 146 млн теңгені жымқырған
Ақтау қаласында жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыруға байланысты алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты. Қаржылық мониторингі агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, бухгалтер кәсіби білімін пайдаланып, жүкті әйелдерді қолдауға арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 02 Сәуір, 2026
2 сәуірде еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Сәуір, 2026
Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 02 Сәуір, 2026
Биылғы айтулы оқиғаның бірі – 1896 жылы Хельсинки қаласында «Фин-угор» қоғамы редакция алқасының (Suomalais-ugrilaisen seuran toimituksia) шешімімен Финляндия әдеби қоғам баспасынан (Lmprimerie de la societe de literature finnoise) Вильгельм Томсонның «Орхон жазбалары» («Inscriptions de l’Orkhon») атты құнды кітабы жарық көруі. Бұл туындыға биыл 130 жыл толып отыр.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты
Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде су үнемдеу технологияларын енгізу айтарлықтай жеделдеп, соңғы жылдары бұл бағыттағы өсім бұрынғыдан бірнеше есе артты. Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, қабылданған кешенді шешімдер суармалы жерлерді тиімді пайдалануға жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 01 Сәуір, 2026
Алматыда жаңа №130 автобус маршруты іске қосылады
Алматы қаласында 4 сәуірден бастап жаңа №130 автобус маршруты қатынай бастайды. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 01 Сәуір, 2026
Депутат Айтуар Қошмамбетов жалақыға түсетін салық жүктемесін азайтуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов еңбекақы қорына түсетін салықтар мен міндетті төлемдерді жеңілдетуді ұсынып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, қазіргі жүйеде жұмыс беруші еңбек қатынастарын неғұрлым ашық әрі заңды рәсімдеген сайын, шығыны арта түседі. Бүгінде жалақыдан түрлі есептеу тәртібімен 7 түрлі салық пен төлем ұсталады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Сәуір, 2026
Батырхан Төлеуғали Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды
Түркияның Анталия қаласында таеквондодан Turkiye Open-2026 ірі халықаралық турнирі мәресіне жетті. Ұлттық олимпиада комитеті жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 01 Сәуір, 2026
Air Astana сәуірдің соңына дейін Дубай бағытындағы рейстерді тоқтатты
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға қатынайтын тұрақты рейстердің тоқтатылу мерзімін 30 сәуірге дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?
Сәуір айының 1-інен бастап елімізде заңнамалық, экономикалық және әлеуметтік салаларда бірқатар маңызды өзгеріс күшіне енеді. Бұл жаңашылдықтар коммуналдық тарифтерден бастап мемлекеттік қызметке қабылдау, қаржы нарығы, салық жүйесі және балалар қауіпсіздігіне дейінгі кең ауқымды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 01 Сәуір, 2026
Қызылордада шенеуніктер инвесторларға заңсыз айыппұл салып келген
Қызылорда облысында инвесторлардың құқықтарын бұзу деректері анықталып, бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Бұл заңсыздықтар Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлескен тексеру барысында белгілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2026
Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Qazaq Oil-R437» жанармай құю бекетінің аумағында жазатайым оқиға болды. Жанармай құю бекетінде металл бөшке жарылып, жалдамалы жұмысшы әртүрлі дәрежеде күйік алған, деп жазады Egemen.kz.