Рейтингтің 1 сәуірде жарияланған жаңа нұсқасына сәйкес, Қазақстан құрамасы 110-орынға көтерілді. Бұған дейін команда бірнеше саты төменірек тұрған еді.
Аталған турнирде Талғат Байсуфинов баптайтын ұлттық құрама екі маңызды жеңіске жетті:
Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді
Осы нәтижелер Қазақстанның рейтингте 112-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Кейін Нигер мен Танзания құрамаларының төмендеуіне байланысты Қазақстан тағы екі сатыға жоғарылап, қазіргі 110-орынға тұрақтады.
Маңыздысы, бұл турнир жолдастық сипатта болғанымен, онда медальдар мен кубок сарапқа салынды. Соның нәтижесінде Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанып, өз тарихындағы алғашқы трофейін жеңіп алды.
Бұл жетістік ұлттық құраманың соңғы жылдардағы дамуы мен ойын сапасының жақсарғанын көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жеңістер командаға сенімділік беріп, халықаралық аренадағы беделін арттыра түседі.