е
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 16 ақпан сағат 12:20-да ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 16 Ақпан, 2026
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшіге күш қолдану фактісі тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас әскери полиция басқармасы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 16 Ақпан, 2026
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub инновациялық өнімдер және жоғары технологиялық жобалар орталығында Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығы салтанатты түрде ашылды. ASTRASEC PTE. LTD (Сингапур) компаниясы мен «Qubitera» ЖШС серіктестігі негізінде жүзеге асқан жоба ұлттық кванттық экожүйені қалыптастыруға серпін бермек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 16 Ақпан, 2026
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Алғашқы баспасөз конференциясында АҚШ елшісі Джули М. Стаффт оптимистік көзқарас білдіріп, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастарды тарихтағы ең жоғары деңгейге жеткен серіктестік деп бағалады. Ол технология, энергетика және дипломатия салаларындағы жаңа ынтымақтастық бағыттары екіжақты қатынастарды тереңдете түсетінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Ақпан, 2026
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам зардап шекті. Облыстық Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 16 Ақпан, 2026
Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды
4 жас ғалымға пәтер сертификаты табысталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым саласын дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес беріліп отыр, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді
Жасыл желекке оранған Төр Алтайдың табиғатын қызғыштай қору, қорғау әркімнің жауапкершілігінде. Десе де, тілсіз жаудан қорғану үшін Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне су жаңа өрт сөндіру техникаларын табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Ақпан, 2026
Референдумға арналған ресми сайт іске қосылды
Елімізде алдағы референдумға және жаңа Конституция жобасына арналған referendum2026.kz ресми сайты жұмысын бастады. Бұл интернет-ресурс «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының бастамасымен әзірленіп, азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнын жан-жақты әрі түсінікті түрде таныстыруды мақсат етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 16 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект жаңылса, кім жауапты?
Қытайдың Ханчжоу интернет-соты жасанды интеллектінің қате ақпараты үшін өтемақы талап еткен қолданушының арызын қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы Қытайдың Жоғарғы халық соты әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Ақпан, 2026
Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға әдіс-тәсілдерін көрсетті
Жапонияда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл спортшылармен және жас балуандармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Ақпан, 2026
Жаңа Салық кодексі халыққа не береді?
Елімізде салық жүйесін жаңғырту басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық-бюджет саясатына баса назар аударды. Айтуынша, ол теңгерімді сипат алып, экономиканы орнықты дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруы қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 16 Ақпан, 2026
Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионын жеңді
Шахматшы Бибісара Асаубаева фристайл-шахматтан өткен көрнекі ойында классикалық шахматтың әлем чемпионы Александра Костенюкті ұтты. Төрт партиядан тұрған кездесу Бибісараның пайдасына 2,5:1,5 есебімен аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Ақпан, 2026
Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы Сабыржан Махметов өмірден озды
Жекпе-жек әлеміндегі аса беделді мамандардың бірі, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов өмірден өтті. Қаралы хабарды Жекпе-жек федерациясы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды
Жетісу облысына қарасты Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше кешкілік уақытта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Байланыс операторларына қайтарымсыз үлестік грант беріледі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасы басталғанын хабарлады. Ведомство жобаны жүзеге асыру мақсатында байланыс операторлар үшін үлестік гранттар алуға ашық конкурс жарияланғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды
Қайтыс болған адамдар әкесі мен қызы екені анықталды. Олардың мәйіті үйде ұзақ жатып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 16 Ақпан, 2026
Алматыда ұлттық ою-өрнек дәстүріне арналған көрме ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Өрнекпен өрілген өнер атты» айрықша көрме ашылды. Айшықты жоба халқымыздың сәндік-қолданбалы өнеріндегі ою-өрнек дәстүрінің терең мағынасы мен көркемдік құндылығын жан-жақты танытуды мақсат еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 16 Ақпан, 2026
Биыл 90 жаңа мектеп салынады: Қай өңірлерде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі?
Биыл елімізде шамамен 47 мың оқушыға арналған 90 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Жоспар Оқу-ағарту министрлігінің апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесін кезең-кезеңімен шешу бағытында атқарып жатқан жүйелі жұмыстары аясында жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Қорғаныс министрлігі: Әскери басқару органдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі
Қарулы Күштердің әскери басқару органдарына және әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізіледі. Осыған орай осы айдың 16-18 күндері аралығында Алматы, Қонаев, Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Ақпан, 2026
Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Ел аумағында ауа райы күрт құбылып, синоптиктер республиканың барлық өңірінде қауіп деңгейі жоғары екенін ескертеді. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 16 ақпан күні еліміздің түкпір-түкпірінде қар аралас жаңбыр жауып, боран соғып, көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша сынға түседі?
Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін ел атлеттері 3 спорт түрі бойынша жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 16 Ақпан, 2026
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу мен сату бағамдары жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Ақпан, 2026
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
Елорда жастары Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, live-концертке қатысты. Іс-шара 10 мыңнан астам адамды біріктіріп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы жұмысы аясындағы алғашқы ірі қоғамдық алаңдардың біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2026
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Өскемен қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты ертең мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Теннис • 14 Ақпан, 2026
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Жұптық сайыста Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Анна Данилина Қатардың Доха қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 14 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті
Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2026
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Димаш Құдайберген ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Миланда өткен Қысқы Олимпиададағы жеңісімен құттықтап, спортшыға автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 14 Ақпан, 2026
Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 14 Ақпан, 2026
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Елімізде өтетін конституциялық референдум халықаралық ақпарат құралдарының да назарын аударды. Әлемдік және өңірлік медиада жарияланған материалдарда саяси реформаның мазмұны мен оның ықтимал салдарына баға беріліп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2026
«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Қостанай облыстық мәслихат депутаттары «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының жұмысшыларымен кездесті. Халық қалаулылары Конституцияның жаңа жобасы туралы өз ойларын ортаға салып, көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.