Фото: gov.kz
Жоба аясында ауыл тұрғындары жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с болатын интернет желісімен қамтылып, бүгінде интернет желісі жоқ 1 123 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желілер тартылады.
Бастама сәтті жүзеге асса 2,3 миллион адам жоғары жылдамдықты интернетті пайдалана алады.
40 мың шақырымнан астам тасжолда интернет пайда болады
«Жоба аясында байланыс операторларына ауылдық жерлерде телекоммуникациялық желілерді салуға жұмсалған шығындардың 50%-на дейінгі мөлшерде қайтарымсыз үлестік гранттар беріледі. Құрылыс операторлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте салынған инфрақұрылым олардың теңгерімінде (балансында) қалады», делінген министрлік хабарламасында.
Ал қатысушыларды іріктеу Ашық конкурс негізінде жүзеге асырылады.