Ауа райы • Бүгін, 09:28

Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел аумағында ауа райы күрт құбылып, синоптиктер республиканың барлық өңірінде қауіп деңгейі жоғары екенін ескертеді. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 16 ақпан күні еліміздің түкпір-түкпірінде қар аралас жаңбыр жауып, боран соғып, көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Алматыда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Астанада күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ боран соғып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Шымкентте күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Абай облысының шығыс бөлігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Түнде Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде қар жауып, боран және көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ал Ақтөбе облысының солтүстік, шығыс және орталық аудандарында қар мен боран, көктайғақ болжанады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні 15-18 м/с болады.

Алматы облысының солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Батыс пен шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысының батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде тұман мен көктайғақ болады. Солтүстігінде жел екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Түнде Жамбыл облысының оңтүстік-батысы мен шығысында, сондай-ақ таулы аудандарда көктайғақ пен тұман болады. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысының шығыс, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман түседі. Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар,боран, сондай-ақ көктайғақ және тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде аздаған жауын-шашын, боран және көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысында түнде қар, боран және көктайғақ, солтүстігінде қалың қар күтіледі. Күндіз жауын-шашын жалғасады. Кей жерлерде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде көктайғақ, кей жерлерде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде тұман мен көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батыс бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран және көктайғақ болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар мен боран, күндіз қар аралас жауын-шашын, боран және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде және күндіз жауын-шашын күтіледі. Оңтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде қар араласа жауын-шашын, боран және көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктер тұрғындарды жолда абай болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект жаңылса, кім жауапты?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:13