ыс
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Ұлытауда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2025
Қорғаныс министрлігі Польшада әскери атташенің ұсталғанын растады
Қорғаныс министрлігінің халықаралық байланыстар орталығы Польша құқық қорғау органдарының Қазақстанның әскери атташесі аппаратының қызметкерін ұстағанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2025
Өзге елдегі қарулы қақтығысқа қатысқан атыраулық 5 жылға сотталды
Атырау қаласы тұрғынының Донецк облысындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны анықталды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Тамыз, 2025
СҚО-да интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер 19 бен 24 жас аралығындағы 5 облыс тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2025
870-тен астам су нысаны мемлекет меншігіне алынды
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 10 облыста коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылған. Бүгінде олардың балансына 872 нысан қабылданды, 283 арнайы техника берілді, 1 197 маман жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» • 12 Тамыз, 2025
Астанада құрылыс нысандарына рейд жүргізілді
Елордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында құрылыс нысандары бойынша рейд өтті. Іс-шара Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Полиция департаменті және аудандық әкімдіктермен бірлесіп ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 12 Тамыз, 2025
Баянауылда Жаяу Мұсаның 190 жылдығына орай дүркіреген той өтеді
Биыл Баянауыл ауданында есімдері елге мәшһүр төрт бірдей тұлғаның мерейтойы аталып өтеді. 15-16 тамыз күндері Мойылды шатқалында этноауыл бой көтеріп, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Ертіс бойында үш сорғы станциясы суды заңсыз пайдаланған
Ертіс бассейндік инспекциясы Павлодар облысының Ақсу қаласындағы ауылдық аймағында және Ертіс ауданында заңсыз орналасқан үш сорғы станциясын анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 12 Тамыз, 2025
Түркістан облысының тұрғыны адам өлтіріп, оқ-дәрілерді сақтағаны үшін 20 жылға сотталды
Түркістан облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») және 287-бабының 3-бөлігі («Оқ-дәрілерді заңсыз алу және сақтау») бойынша айыпталған азаматтың ісін қарады, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 12 Тамыз, 2025
Павлодарда республикалық жастар форумы бастау алды
Павлодар облысында Халықаралық жастар күні және жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты республикалық жастар форумы жұмысын бастады.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Атырауда 6 айда тұтынушылардың 24,6 млн теңгесі қайтарылды
Атырау облысында жыл басынан бері сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардан 470-ке жуық шағым түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 12 Тамыз, 2025
«Jastar-X» диалог алаңы-жастардың заманауи трендтер мен жұмыс ортасына көзқарасы
12 тамызда республикалық жастар форумының қатысушылары Жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында өткен «astar-X"» республикалық диалог алаңына қатысты. Кездесу барысында спикерлер қатысушылармен бірлесіп, заманауи трендтерді, сондай-ақ жұмыс орындарындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Заң мен Тәртіп • 12 Тамыз, 2025
Қазақстан 46 елден қылмыстық дәлел ала алады
Биыл еліміз шетелден қылмыстық істер бойынша дәлелдер алу мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Бұл туралы бүгін Бас прокуратура хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 12 Тамыз, 2025
Премьер-министр мектептердің құрылысын созып жібергендерді сынға алды
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы мәселе қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Жұмыс • 12 Тамыз, 2025
Шілде айында қай мамандық иелеріне сұраныс артты
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткен айда Enbek.kz электронды еңбек биржасында (ЭЖБ) қанша бос жұмыс орны жарияланғанын және кімдерге ең жоғары жалақы ұсынылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 12 Тамыз, 2025
Қазталовта әскери-тактикалық оқу-жаттығу басталды
Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында 11 тамыз күні аумақтық әскери-тактикалық оқу-жаттығу жиыны басталды. Ол 20-тамызға дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 12 Тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді
«Барыс» ХК қақпашыларының дайындығына жауапты болып Константин Барулин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 11 Тамыз, 2025
Қызылордада электронды білезігін үзіп тастаған сотталған түзеу мекемесіне қамалды
Сот қаулысымен оның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Балқашта 8 жастағы баланы ұрған айыпталушы тағы екі айға қамауда болады
Қарағанды облысының Балқаш қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге қатысты қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 11 Тамыз, 2025
Ақтөбеде жолаушылар пойызының бастығын пышақтап кетті
Жолаушылар пойызының Ақтөбе учаскесіндегі бастығын қаланың ескі бөлігінде өлтіріп кетті. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Тамыз, 2025
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Жан түршігерлік жол апаты 11 тамызда сағат 00:10-да «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 1396-шақырымында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Алматы облысында қару тапсырғандар 3 млн теңге алды
Алматы облысында заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
2025 жылдың күзінде қазақстандықтар неше күн демалады
2025 жылы стандартты кесте (5/2) бойынша жұмыс істейтіндер Конституция күніне орай үш күн демалады. Әдетте 30 тамызда аталып өтетін мереке сенбіге түседі, сондықтан «Мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбі – 1 қыркүйекке ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Биыл 28 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
Мемлекеттік еңбек инспекторлары биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республиканың 239 кәсіпорны 3,5 мыңнан астам жұмыскерге 1,3 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін және түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 4 мыңнан астам фактісін анықтаған, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Ақтөбеліктер Абайдың шығармашылығына саяхат жасады
Таңертеңнен бастап Ақтөбеде ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының есімімен аталған бульварда «Абай күні» әдеби фестивалі өтті.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Талдықорғанда Абайдың 180 жылдығына арналған мерекелік шара өтті
Бүгін Талдықорған қаласында Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Көкшетауда Абайдың 180 жылдығы кең ауқымда аталып өтті
Көкшетау жағалауы бүгін саз, поэзия, өнер мен қолөнер тоғысқан ерекше мерекелік алаңға айналды. Ақмола облысында ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Алматы облысында Абайдың 180 жылдық мерейтойы аталып өтті
Алматы облысында ұлт ұстазы Хәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында өңірдің 119 мәдениет үйі мен 144 кітапханасы, 15 музейінде жыл басынан бері 30 мыңға жуық адамның қатысуымен 146-ға тарта кездесу, концерт, көрме және әдеби акциялар ұйымдастырылды.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Қарағандыда Абайдың 180 жылдығына орай 300-ге жуық іс-шара өтті
Қарағанды облысында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Түркістанда Абайдың 180 жылдығына орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Түркістанда қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына және «Абай күніне» орай рухани мазмұндағы іс-шара өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.