м
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Қостанайда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған шенеунік қамауға алынды
Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Желтоқсан, 2025
Алматыда жас ғалымдардың ІІ халықаралық конгресі өтті
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен жас ғалымдардың ІІ халықаралық конгресі өтті. Конгресс Бейбітшілік пен даму мүддесіндегі Дүниежүзілік ғылым күніне орай ЮНЕСКО жариялаған «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажетті ғылым» тақырыбына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2025
Meta компаниясы ЛГБТ насихаты бар аккаунттарды бұғаттап жатыр
50-ден астам ұйым өз парақшаларының қолжетімсіз болғанын немесе мүлде өшірілгенін хабарлаған. Бұл туралы британдық The Guardian басылымы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 12 Желтоқсан, 2025
Доллар бағамы 2 теңгеге қымбаттады
12 желтоқсанда Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың бағамы 2,16 теңгеге қымбаттап 522,38 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен кездесу өткізді
Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2025
Жеңіс Қасымбек Астанадағы көлік кептелісін жоюдың шешімін айтты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазіргі таңда елорда алдында тұрған ең өзекті түйткіл – кептеліс. Қала басшысы мәслихат сессиясында оны шешу жолдарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Ашхабад форумы: Президент Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды
Президенттің пайымдауынша, жаһандық су дипломатиясын дамытуда мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың маңызы зор. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабад форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі Үкіметаралық комитетінің 20-шы сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Президент: Еліміз дінаралық диалогты нығайтуға айрықша назар аударады
Ашхабад форумында Президент VIIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі аясында көтерілген «Бейбітшілік қозғалысы» бастамасының маңызына тоқталып, бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, бітімге келу жолын іздеуге үндеу екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы: Таяу Шығыстағы жағдай бойынша келісімге қол қойылуын құптаймыз
Ашхабад форумында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімі аталған аймақтағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу ниетінен туындап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Тоқаев: Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзді қолдайды
Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтіп жатқан форумда айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Президент БҰҰ-ны реформалаудың маңызына назар аударды
Ашхабад форумындағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Ашхабадтың Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын жариялау туралы бастамасы ерекше мәнге ие болғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабад форумына қатысты
Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Президент: Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет
Ашхабадта өткен форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығы осы бағыттағы ынтымақтастықты үйлестіретін маңызды платформаға айналғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 12 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA рейтингінде көш бастады
Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алтыншы турынан кейінгі статистика бойынша ең жоғары рейтингке ие болған футболшылардың тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
Жеңіл көлік пен жүк пойызы соқтығысып, 5 адам жарақат алған
Қарағанды қаласы маңындағы теміржол өткелінде жеңіл автокөлік жүк пойызына соғылып, 5 адам зардап шекті. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Жаңа туған нәрестелерді сатпақ болған: министрлік адам саудасына қатысты 39 фактіні анықтады
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері «STOP-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында адам саудасына байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолын кесті. Барлығы 39 факт тіркелді, соның алтауы – кәмелетке толмағандарға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Гуанчжоу – Алматы бағытындағы рейсте жолаушы қайтыс болды
11 желтоқсанда Гуанчжоу – Алматы бағытындағы рейсте бір жолаушы қаза тапты. Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Ресей Байқоңырға қатысты маңызды шешім қабылдады
Ресейдің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы жуырда болған зымыран ұшырылымы кезінде зақымданған платформаны толық ауыстыруды жоспарлап отыр. Яғни, бүлінген қызмет көрсету платформасының орнына қордағы резервтік платформа орнатылады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Желтоқсан, 2025
Шорт-тректен Олимпиадаға жолдама алған спортшылардың есімдері белгілі болды
Олимпиада лицензияларын жеңіп алған спортшылар 2025 жылғы 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен Әлемдік тур қорытындылары бойынша анықталды. Сол нәтижелер бойынша Қазақстан құрамасы 9 лицензияға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 12 Желтоқсан, 2025
Алматы мен Астананың айырбастау пунктеріндегі доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2025
Бристоль музейіндегі 600-ден астам құнды экспонат қолды болған
Тонаушылар музей қоймасынан Британ империясының тарихына арналған коллекциядағы әскери реликвияларды, зергерлік әшекейлерді, қазба қалдықтарын және піл сүйегінен, қола және күмістен жасалған мүсіншелерді ұрлап кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 12 Желтоқсан, 2025
Биыл елімізде 821 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасты
2025 жылдың 1 желтоқсанындағы ақпаратқа сәйкес, елде 296 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, 821,1 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап қандай өзгерістер енеді?
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мобильді ақша аударымдарын бақылаудың жаңа критерийі енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов және бауырлас түрікмен халқын айтулы дата –Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Тәуелсіздік күні және Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығы қарсаңында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтармен кездесті. Әкім Алматының қоғамдық өміріне белсене үлес қосып жүрген желтоқсаншылардың патриоттық ұстанымын, азаматтық позициясын және ұлттық құндылықтарға беріктігін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті
Қарасай ауданындағы «Gulnar Baq» демалыс орталығында маусымның ең тартысты әрі әсерлі жарыстарының бірі – «Алматы облысының əкімі Кубогына арналған ересектер арасындағы командалық көкпар облыстық лигасының финалдық кезеңі» өтті. Шығыс және Батыс өңірлерінің ең мықты командалары жарыстың басты трофейі үшін шешуші кездесу барысында бақ сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 11 Желтоқсан, 2025
Шымкент әкімдігі жаңажылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсайды
Шымкент қаласының әкімдігі шаһарды жаңажылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 11 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.