Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, азық-түлік дүкенінің жанынан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі 13 және 16 жастағы екі баланы аңдамай қалған. Ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден өткен жасөспірімдердің жеңіл жарақат алғаны анықталды.
Астанада Сарайшық көпірінде жол апаты болып, екі адам қаза тапты
Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Қоянды ауылында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі жеткіншек қызды көлік қағып кеткен еді. Зардап шеккендердің біреуі бесінші, екіншісі оныншы сынып оқушылары. Олар сабаққа бара жатқан.