Аймақтар • Бүгін, 12:26

Жетісуға былтыр 40 мың экотурист келген

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында экологиялық туризмді дамытуда «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері негізгі бағытқа айналды. Инфрақұрылымның жақсаруы нәтижесінде бұл нысандарға келушілер саны айтарлықтай өскен: 2024 жылы 27 мың турист тіркелсе, өткен жылы көрсеткіш 39,5 мыңға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жетісуға былтыр 40 мың экотурист келген

Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында соңғы жылдары бірқатар жұмыстар атқарылды. «Алтынемелде» жеке инвестиция есебінен визит-орталық салынды, туристік бағыттардағы ақпараттық белгілер жаңартылды. «Бесшатыр» сақ қорғандары аумағында жөндеу жүргізіліп, «Жаңатоғай» мен «Таңбалытас» кордондарында арнайы алау жағу орындары жабдықталды.

Ал Сарқан ауданындағы Тополевка ауылында визит-орталық ашылды. «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінде демалыс аймақтары мен автотұрақтар орнатылып, ондаған ақпараттық стендтер мен тақтайшалар, кіреберіс аркалар, санитарлық тораптар және қоқыс контейнерлері қойылды.

Елімізде туризмге салынған инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеден асты

Жасылкөлге баратын бағыттағы жолдың бір бөлігі жөнделіп, негізгі жол құрылысы биыл аяқталмақ. Сонымен қатар еліміздегі ең биік Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 шақырым жол қайта жаңғыртылып жатыр.

Өңірде туризмді ілгерілету мақсатында жыл сайын имидждік фестивальдер ұйымдастырылады. «Сиверс алма ағашының гүлденуі», «Алакөл толқыны», «Алтынемел – құландар мекені» шаралары 2026 жылға арналған республикалық мәдени-туристік күнтізбеге енді. Соның нәтижесінде 2025 жылғы дерек бойынша облысқа келген туристер саны 11%-ға, шетелдік қонақтар 60%-ға артқан.

2026 жылы қайда барамыз? Туризм министрлігі мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін жариялады

Айта кетейік, Жетісу аумағында ұлттық парктерден бөлек, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы да бар.

Соңғы жаңалықтар