у
Балалар • 01 Маусым, 2026
«Президент сарайын жақыннан көру мүлде бөлек сезім»: Балалар Ақорданы аралады
Еліміздің әр өңірінен келген 100 үздік оқушы Ақордада қонақ болды. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 01 Маусым, 2026
Қазақстан мен Өзбекстанның салық режимі: Бизнес үшін қайсы тиімді?
Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Өзбекстанның салық жүйесін салыстырып, көрші елдегі кәсіп жүргізу шарттары әлдеқайда тиімді деген пікірлер жиі айтылады. Алайда соңғы өзгерістерді саралау екі ел арасындағы айырмашылық әлі де елеулі екенін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 01 Маусым, 2026
Люксембургтің Қазақстан арқылы әуе жүк тасымалы қайта жанданады
Еуропадағы жетекші жүк тасымалдаушылардың бірі Люксембургтің Cargolux Airlines International – 1 маусымнан бастап Қазақстан арқылы транзиттік рейстерін қайтадан іске қоспақ. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 01 Маусым, 2026
«Самғау» орталығында 5 000-ға жуық бала тегін білім алады
Екібастұз қаласындағы «Самғау» балалар шығармашылық орталығы мемлекеттік қолдау мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде жүзеге асқан маңызды жобалардың бірі ретінде балалар игілігіне жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Маусым, 2026
Атырауда жасөспірімдер 14 жастағы оқушыны бірнеше сағат бойы ұрып-соққан
Атырауда 14 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Медицина • 01 Маусым, 2026
Конгода 282 адам Эбола індетін жұқтырған
Конго Демократиялық Республикасы аумағында Эбола вирусын жұқтырғандардың саны 282 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Маусым, 2026
Малайзияда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынды
Малайзия билігі 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына тыйым салатын жаңа талаптарды енгізді. Бұл туралы елдің Байланыс және мультимедиа комиссиясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Маусым, 2026
Бүгін Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтына қарасты Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 1 маусымда Астана уақытымен сағат 10:56-да болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Маусым, 2026
ҰБТ: Тәртіп бұзған 115 талапкер аудиториядан шығарылды
Қазақстанда 10 мамырда басталған негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу жалғасып жатыр. Үш аптаның қорытындысы бойынша талапкерлер 139 мыңға жуық рет ҰБТ тапсырған. Тестілеуге қатысушылардың 71 пайызы қазақ тілін таңдаса, 29 пайызы орыс тілін, ал 259 талапкер ағылшын тілін таңдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Маусым, 2026
«Əділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Əділет министрлігі «Əділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Маусым, 2026
Алматы облысында ер адамды әріптестері азаптап, тірідей көмген
Алматы облысында 29 жастағы ер адамды әріптестері азаптап, тірі күйінде жерге көміп кеткен. Бұл туралы марқұмның туысы Threads әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 01 Маусым, 2026
Астанада 100-ге жуық іс-шара өтеді: Бүгін балаларды қайда апаруға болады?
Астанада Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ауқымды мерекелік бағдарлама әзірленді. Биыл елордада балалар мен олардың ата-аналарына арналған 100-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бағдарлама әртүрлі жас санатындағы балалардың қызығушылығына сай алты бағытқа бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Маусым, 2026
Ақтау жағалауындағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды
Ақтау қаласындағы айлақтардың бірінде ер адамдар арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 01 Маусым, 2026
Конституциялық Сот: Балалардың заңды мүдделерін қорғау – басым бағыт
Отбасылық қатынастарға, алименттік міндеттемелерге, бала асырап алуға, баланың ұлтын айқындау мәселелеріне және өзге де салаларға қатысты істерді қарау барысында Конституциялық Сот әрдайым баланың мүддесін барынша қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық қағидатқа сүйенеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 01 Маусым, 2026
Маусым айында ел тұрғындары қанша күн демалады?
Маусым айында апталық демалыс күндерінен бөлек, бірқатар кәсіби мерекелер де аталып өтеді. Дегенмен бұл күндер ресми қосымша демалыс күні болып саналмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Маусым, 2026
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібіне өзгеріс енгізілді
Елімізде жүргізуші куәлігін автоматты көлікпен емтихан тапсырып алған азаматтарға қатысты шектеу жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Маусым, 2026
Зеленский Ресеймен қақтығысты қысқа дейін тоқтатуға шақырды
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеу үшін алдағы қысқа дейін келіссөздер жүргізу қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Маусым, 2026
Әлемде мұнай бағасы екі пайыздан астам өсті
Әлемдік мұнай нарығында баға екі пайыздан астам өсті. Бұған Израильдің Ливандағы әскери операциясын кеңейтуі себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Маусым, 2026
Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Маусым, 2026
Калькулятор бала: Қарағанды облысында 2-сынып оқушысы ерекше қабілетімен көзге түсті
Халқымыздың тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұңғыш математик-профессор, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Әлімхан Ермековтің өшпес ізі қалған Арқада тағы бір кішкентай Әлімхан өсіп келеді. Қарағанды қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясының 2-сыныбын тәмамдаған Әлімхан Ермекті көпшілік «калькулятор бала» деп атайды.
Алматы • 01 Маусым, 2026
Менторлықтан бастап кәсіби қадамға дейін: Tañdauym бағдарламасы өз жұмысын аяқтады
28 мамырда Алматы қаласында Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясы мен Орталық Азияның Еуразия Қорының серіктестігі аясында жүзеге асырылған Tañdauym стипендиялық бағдарламасының алғашқы циклі салтанатты түрде қорытындыланды. Алты ай бойы техникалық, инженерлік және өндірістік мамандықтарда білім алып жатқан 30 студент қызға менторлық қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 01 Маусым, 2026
Жазда жаңа рейстер ашылады: Қазақстан азаматтары қай елдерге ұша алады?
Биылғы жазда азаматтар үшін шетелдік курорттар мен ел ішіндегі туристік бағыттарға қатынау жеңілдей түспек. Маусым айында жаңа әуе және теміржол бағыттары іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 01 Маусым, 2026
1 маусымға арналған валюта бағамы
1 маусымдағы жағдай бойынша Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарындағы шетел валюталарының бағамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 01 Маусым, 2026
Ауғандық апиынды жеткізудің жолы кесілді
Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде халықаралық есірткі тасымалы арналарының жолын кесу бойынша арнайы іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Маусым, 2026
Түркияда жолаушылар автобусы өртеніп, 8 адам қаза тапты
Түркияда Измир-Анталья бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы Денизли-Айдын жолында Тырказ ауданында апатқа ұшыраған. Автобус жол қоршауына соғылып, кейін өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Маусым, 2026
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
1 маусымда еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Синоптиктердің болжауынша, бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ал оңтүстік аймақтарда ауа температурасы +40°C-қа дейін көтеріледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Мамыр, 2026
1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Маусым айы қазақстандықтар үшін тағы да бірқатар маңызды өзгерістермен басталмақ. Елде электр энергиясы мен коммуналдық қызметтердің тарифі өсіп, жаңа мемлекеттік талаптар күшіне енеді. Сонымен қатар жастарға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылып, халықаралық рейстер саны артады. Еңбек заңнамасына түзетулер енгізіледі, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын пайдалану тәртібі жаңарады. Egemen.kz маусым айынан бастап қазақстандықтардың өміріне әсер ететін бірқатар өзгерістерді тізбектеп шықты.
Экономика • 31 Мамыр, 2026
Отандық өндірушілерді қолдау: шетелдік азық-түлікке жаңа шектеу ұсынылды
Қазақстанда шетелдік азық-түлік өнімдерін екі жылға мемлекеттік сатып алулардан алып тастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 31 Мамыр, 2026
Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы анықталды
ПСЖ шабуылшысы Хвича Кварацхелия Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы ең үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 31 Мамыр, 2026
Садақшы Ильфат Абдуллин Словениядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Словенияның Камник қаласында өткен садақ атудан «Veronica’s Cup» халықаралық турнирінде ересектер санатында Қазақстан команда қос жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz