Фото. Ашық дереккөз
Жерасты дүмпуінің ошағы Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,8-ді құрады. Энергетикалық класы – K=9.0.
Жер сілкінісінің эпицентрі 44,65 градус солтүстік ендік пен 79,10 градус шығыс бойлық координаттарында орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.