Экономика • Бүгін, 10:20

Әлемде мұнай бағасы екі пайыздан астам өсті

1 мин
оқу үшін

Әлемдік мұнай нарығында баға екі пайыздан астам өсті. Бұған Израильдің Ливандағы әскери операциясын кеңейтуі себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде мұнай бағасы екі пайыздан астам өсті

Фото: Ашық дереккөз

Соңғы мәліметтерге сәйкес, WTI маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 89 долларға жетіп, бағасы үш пайызға жуық қымбаттады. Ал Brent маркалы мұнайдың құны 93 долларға дейін көтерілді.

Сарапшылардың пікірінше, Израильдің Ливандағы құрлықтағы әскери іс-қимылдарын күшейтуі инвесторлардың өңірдегі жағдайға қатысты алаңдаушылығын арттырған. Соның салдарынан АҚШ пен Иран арасында жақын арада бейбіт келісім жасалуы мүмкін деген үміт әлсірей түсті.

Қазақстан мұнай экспортының баламалы бағыттарын кеңейтуді қарастырып жатыр

Өткен аптада Вашингтонда Израиль мен Ливан өкілдерінің қатысуымен келіссөздердің төртінші кезеңі өтті. Кездесу шамамен тоғыз сағатқа созылғанымен, тараптар ортақ шешімге келе алмады.

Геосаяси тәуекелдердің артуы әлемдік мұнай бағасының өсуіне ықпал етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар