АСА
Тағайындау • 23 Мамыр, 2025
Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Мамыр, 2025
13 жасар теннисші тағы топ жарды
Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 20 Мамыр, 2025
Мемлекеттік қызметтегі ЖИ ашықтық пен тиімділік құралы
Астанада орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз хатшыларына арналған «Халықпен тиімді коммуникация үшін жасанды интеллект» атты семинар-практикум өтті. Үш күнге жалғасқан іс-шарада қатысушылар заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасындағы өзара байланысты жетілдіру жолдарын талқылады. Басты назар қоғаммен байланыс сапасын арттыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 19 Мамыр, 2025
Жасанды интеллект: Қазақстанда құқықтық негіз қалыптасты
Өткен аптада Қазақстанның цифрлық даму тарихындағы айтулы оқиға орын алып, Мәжіліс палатасы еліміз үшін маңызды қадам жасады. «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленген заң жобасы – технологиялық прогрестің жылдам қарқынына жауап ретінде жасалған алғашқы іргелі қадам еді.
Технология • 19 Мамыр, 2025
Қазақстанға Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер жеткізілді
Өнімділігі шамамен 2 экзафлопсты құрайтын суперкомпьютер Орталық Азия тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер. Цифрлық даму министрлігі ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде жинақталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Мамыр, 2025
Елімізде қандай спорттық нысандар салынып жатыр
Туризм және спорт министрлігі осы жылғы спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан негізгі жобаларды жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 14 Мамыр, 2025
Жасанды интеллект заңдық негізге ие болады
Цифрлық технологиялар адам өмірінің барлық саласына дендеп енген бүгінгі таңда жасанды интеллект (ЖИ) жүйелерін заңнамалық тұрғыда реттеу – уақыт талабы. Осы орайда Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда қарауға ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Байланыс бастығы Байжасаров аңызға айналған танк бригадасы сапында шайқасты
Мен көптеген батырлардың өмірбаянымен танысу құрметіне ие болдым. Бірақ солардың арасында Қарағанды облысы Ақтоғай ауылының қарапайым жігіті Зейнолла Сүлейменұлы Байжасаровтың ерлік пен еңбек жолы ерекше. Екінші дүниежүзілік соғыста жеті майдан шебінде Мәскеуді қорғаудан бастап, Берлинді бағындыруға дейінгі аралықта жауға қарсы шайқасқан.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2025
ШҚО-да еңбек қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
ШҚО-да өндірістегі қауіп-қатерлерді талдап, болжауға және жұмысшылардың еңбек жағдайы мен қауіпті аймақтарды онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі бірыңғай цифрлық мониторинг платформасын енгізу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 05 Мамыр, 2025
«Түркістан сақшылары» қалай түсірілді
Жуырда түркістандық IT маманы Ғасыр Құралбайұлы жасанды интеллект арқылы жасалған алғашқы қазақ тіліндегі мультфильмді көрермен назарына ұсынды. Ол «Түркістан сақшылары» туындысын дайындау барысында ChatGPT, RunwayML, Kling Ai, Hydra AI, ElevenLabs сынды ЖИ бағдарламаларының көмегіне жүгінген. Мультфильмнің басты кейіпкерлері ретінде Ақпантер – барыс, Алтынқанат – қыран, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа бейнелері таңдалған. Толыққанды 3D форматтағы мультфильм сюжеті еліміздің рухани ордасын қасаң ой, теріс әрекеттерден қорғау төңірегінде өрбиді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Сәуір, 2025
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жаңадан тағайындалған орынбасар Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов білім, мәдениет, спорт, қоғамдық даму және дін салаларын қадағалайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 25 Сәуір, 2025
Ерекше жандарға арналған «Úmit» жобасы үздік атанды
Тараздық оқушылар ойлап тапқан «Úmit» стартабы Орталық Азиядағы жасанды интеллект жобалары арасында жеңімпаз атанды. Бәсі биік «AICA Awards» 2025 байқауына бес мемлекеттен 60-тан астам жоба қатысқан. Солардың арасынан суырылып шығып, сайыстың бас бәйгесін иеленген отандық стартаптың пайдасы ұшан-теңіз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Сәуір, 2025
Семей қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымды қызметке Азамат Салимбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 23 Сәуір, 2025
Жасанды интеллект: Дуэт пе, дуэль ме?
«Интеллект» және «зияткерлік мінез-құлық» ұғымдарының көпшілікпен мақұлданған толық анықтамасы әлі күнге дейін табылған жоқ. Мұның себебі адам санасы мен оның ойлау жүйесінің асқан күрделілігінде. Әйтсе де мақсаты мен мүддесі, нәтижесі мен жемісі жете танылмаған жасанды интеллектінің кернеуін күннен күнге күшейтіп жатқанымыз жасырын емес. Мұнымыз «сонда бар, қайда екенін білмеймін, бір нәрсе алып кел, не екенін білмеймін» деген тапсырма алған ертегі кейіпкерінің әрекетіне бек ұқсас дүние.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2025
Қарасай ауданында өндірістік зауыт ашылды
Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылында «KT&G Kazakhstan» ЖШС зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – Оңтүстік Кореяның ірі корпорациясының Қазақстандағы алғашқы жобасы және ол толығымен жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Сәуір, 2025
Астана әкімінің орынбасары тағайындалды
38 жастағы Ілияс Бағдәулетов жаңа қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Сәуір, 2025
Астанада «Legathon MaxUP 2025» халықаралық сайысы өтті
Легатон жасанды интеллект дәуіріндегі этика, құқық тақырыбына арналды. Maqsut Narikbayev University-де ұйымдастырылған чемпионатқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елінің студенттері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 21 Сәуір, 2025
Алматылық травматологтар кейуананы қайта аяғына тұрғызды
Жуырда Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жасы жүзге жеткен Мария әжей кенеттен түскен еді. Үйінде абайсызда құлап қалған кейуанаға жедел жәрдем қызметі дереу көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізгенде, сол жақ жамбасының сынғаны, нақтырақ айтқанда, сүйек бөліктерінің ығысуынан ауыр жарақат алғаны анықталған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 18 Сәуір, 2025
Медиа мамандарын дайындайтын мектеп ашылды
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қолдауымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты І Халықаралық көктемгі мектеп өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Сәуір, 2025
Президент ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 15 Сәуір, 2025
Бақытжан Омаров жаңа қызметке тағайындалды
Белгілі журналист Бақытжан Омаров Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2025
Атырауда масаға қарсы күреске бюджеттен 244 млн теңге бөлінген
Биыл Атырауда маза бермейтін масамен күрес ерте басталды. Оған бюджеттен 244 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Сәуір, 2025
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының келісімі бойынша Асан Көбентайұлы Дарбаев Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Сәуір, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімін қабылдады
Президентке Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Сәуір, 2025
ІІМ қазақстандықтарға ЖИ арқылы жасалатын алаяқтық туралы ескертті
Соңғы уақытта жасанды интеллект технологияларының дамуына байланысты алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін игеріп жатыр. Олар енді дауыс көшірмесін жасап, жалған видеолар құрастырып, таныс адамдардың бейнесін имитациялап, тіпті нейрожелілер арқылы жеке аккаунттарды бұзып кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Жасанды интеллектінің әлеуметтік-еңбек қатынастарына әсері талқыланды
Бүгін Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясының Орталық кеңсесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті. Кездесуге ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов, ҚР Кәсіподақтар федерациясы басшылығының өкілдері және салалық кәсіподақтардың төрағалары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Сәуір, 2025
Киншасадағы су тасқынынан 30-ға жуық адам қаза тапты
Алдын ала мәлімет бойынша, Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншасада болған су тасқыны салдарынан 30-ға жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Сәуір, 2025
Атбасарда 97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойған: оқиға орнына ТЖМ жетті
Ақмола облысы Атбасар қаласында 97 жастағы қарт әже үйінің ішінде құлап қалып, байланысқа шыға алмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2025
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның мәліметіне сілтеме жасап.
Технология • 28 Наурыз, 2025
Алматыда AlmatyFair.ai көрмесі ашылды
Бүгін оңтүстік астанада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жасанды интеллект саласында AlmatyFair.ai көрмесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.