м
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2026
Астана – Балқаш бағытында әуе рейсі қайта ашылады
2026 жылдың 1 маусымынан бастап Астана мен Балқаш қалалары арасында тұрақты әуе рейсі қайта іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 28 Қаңтар, 2026
Алматының 100-ден астам колледж студенті шетелде тағылымдамадан өтті
Қазіргі кезде Алматыдағы колледж студенттерінің 60 пайызға жуығы грантта оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Алматы облысында мектептегі құрылыс олқылықтары бақылауға алынды
Алматы облысындағы мектептердің бірінде құрылыс кемшіліктері анықталды. Облыстық білім басқармасына тұрғындардан мектеп ғимаратының төбесінен су аққаны туралы өтініш түскен. Аталған құрылыс кемшіліктерін жою мақсатында «Arsh Stroy» ЖШС мердігер ұйымы жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2026
Семейде тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды
Семейде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік өз мәрісіне жетті. Бұл зияткерлік әрі ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған жарысқа Семей қаласы және Аягөз, Көкпекті, Жарма, Бесқарағай, Абай аудандарынан келген спортшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қаңтар, 2026
Доллар әлсіреп барады: Инвесторлар неге алаңдады?
Кейінгі күндері әлемдік қаржы нарығында долларға қатысты алаң көңіл күшейді. Америкалық валюта негізгі әлемдік валюталарға шаққанда 2022 жылдың наурызынан бергі ең төменгі деңгейге дейін түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
ChatGPT-де жарнама пайда болады
Алдағы уақытта ChatGPT қолданатындар жарнаманы көре бастайды. OpenAI компаниясы чат-боттың тегін нұсқасында және Go моделінде жарнама көрсетілетінін ресми түрде хабарлады. Бұл туралы компания өз сайтында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Бекжан Мейірбаев: Зайырлы мемлекет қағидатының маңызы артып келеді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев өз сөзінде, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия ұсыныстарының бірі – зайырлылық қағидатын Ата заңда нақты және айқын бекіту өте өзекті және уақтылы бастама екенін айтты. Оның піікрінше, бұл қадам Қазақстанның демократиялық даму жолында аса маңызды. Өйткені мемлекеттің дінге бейтараптығын құқықтық тұрғыдан нығайту – қоғамдағы тұрақтылықты, теңдікті және адам құқықтарын қорғауды күшейтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қаңтар, 2026
Австрия экс-министр Карин Кнайсльді азаматтығынан айырады
Австрияның NEOS партиясы Карин Кнайсльді азаматтығынан айыру рәсімін бастады. Бұған Кнайсльдің мәлімдемесі себеп болған. Ол австриялықтарды «гиеналар» деп атап, Францияны сағынатынын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2026
Конституциялық комиссия: Қазақстан аумағының тұтастығы туралы норма өзгеріссіз қалады
Қазақстан Конституциясына белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жылдам даму қалалары» деп аталатын қалаларды құру мүмкіндігін қарастыратын норманы енгізу ұсынылып жатыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның төртінші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 28 Қаңтар, 2026
Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі
Конституциялық комиссияның төртінші отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жеке басқа қол сұқпаушылық, негізгі құқықтарды қорғау және сот билігінің тәуелсіздігіне қатысты нормалар айтарлықтай күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 28 Қаңтар, 2026
Конституцияның преамбуласы толық жаңартылады
Конституцияның преамбуласын толық жаңартып, мемлекет пен діннің өзара ықпалдастығы нормаларын жетілдіру ұсынылады. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияға түзетулердің жиынтық жобасын таныстырған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 28 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа: Ата заң мәтінінің 84%-ы өзгереді
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Ата заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 28 Қаңтар, 2026
Қытай телеарнасында Димаш Құдайбергеннің жаңа халықаралық жобасы таныстырылады
5 ақпанда Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасында халықаралық музыкалық Voice Beyond Horizon жобасының ресми премьерасы өтеді. Бағдарламаның толық түсірілімі Қазақстанның туристік локацияларында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қаңтар, 2026
Қаржылық мониторинг агенттігінің бір топ қызметкері мемлекеттік наградамен марапатталды
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде өткізген жиын соңында қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін агенттіктің бір топ қызметкерін мемлекеттік наградамен марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қаңтар, 2026
Президент: Әлеуметтік салада қалыптасқан қаржылық жағдайды ретке келтіру керек
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігіндегі жиында ЖИ мүмкіндігін пайдаланып, талдау-сараптау жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 28 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін ойластыруды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді. Президент өз сөзінде агенттік қаржы пирамидаларымен белсенді күрес жүргізіп жатқанын атап өтіп, қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдерін ойластыруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қаңтар, 2026
Президент: Жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізіп, қаржылық барлау қызметкерлерінен нағыз жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарайтын отаншылдықты талап ететінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді
Президент ең алдымен сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде осыдан бес жыл бұрын, ел ішінде ауқымды өзгерістер қолға алынып жатқан тарихи кезеңде құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі өзіне жүктелген жауапкершілік пен міндетті абыроймен орындап келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 28 Қаңтар, 2026
Сарбаздардың өлімі: Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды
Қорғаныс министрлігі сарбаздардың қаза болуына байланысты ресми мәлімдеме жасап, мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған шұғыл іс-шаралар кешені қабылданғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 28 Қаңтар, 2026
«Қайрат» клубы «Арсеналмен» ойнайды: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні Лондонның әйгілі «Арсенал» клубы алматылық «Қайратты» қабылдайды. Кездесу Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші тур аясында «Эмирейтс» стадионында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
2025 жылы медиа саласында қандай өзгерістер болды?
Қазіргі кезде елде 5029 бұқаралық ақпарат құралы бар, оның 306-сы – шетелдік БАҚ. Тек 2025 жылдың өзінде 515 жаңа БАҚ тіркелді. 2025 жыл Қазақстанның медиа саласы үшін жүйелі реформалар, институционалдық даму және кәсіби стандарттарды нығайту кезеңі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Қаңтар, 2026
Теңіз кенішіндегі өрт: Министр өндіріс қашан қайта жанданатынын айтты
Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кен орны – Теңізде мұнай өндіру алдағы бір апта ішінде толық қалпына келтіріледі. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Қаңтар, 2026
Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік нысан ашылды
Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен салынған нысан «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің аумағында бой көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 28 Қаңтар, 2026
Астанада қоғамдық орындардағы тәртіпті робот-ит қадағалайды
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, робот-ит елорданың көлік инфрақұрылымы нысандары мен ірі сауда орталықтарында қызмет атқарады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Өткен жылы қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?
2025 жылы 16 805 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 164,8 мың этникалық қазақ оралған. Елге оралған қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 44,1% – Қытайдан, 4% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан, 2,5% – Ресейден және 1,9% – басқа елдерден келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Балаларды инемен қорқытқан: Шымкентте балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Әлеуметтік желіде балабақшадағы бүлдіршіндерді инемен қорқытқан тәрбиешінің әрекеті таспаланған видео кең тарап кетті. Бейнежазбаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 28 Қаңтар, 2026
Абай елінің туристік ахуалы қалай?
Кеше Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдегі туризм саласының дамуы және Алакөлдегі ахуал туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Министрлік: Үш күнде 40 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді
Ішкі істер министрлігі жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізілген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Айналдырған үш күнде 40 мыңнан аса бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
Қостанайда 2,2 млрд теңгеге салынған жаңа мектептің шатыры опырылып түсті
Қостанайда әлі ашылмаған, жаңадан салынып біткен мектептің шатыры құлаған. Сот апаттың жобалау және құрылыс нормаларының бұзылуынан болғанын анықтап, мердігерді бюджетке 266 млн теңгені қайтаруға міндеттеді. Ал құрылыс компаниясы нысандағы мәселелерді жылудың және инженерлік коммуникациялардың болмауымен байланыстырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2026
«Соқыр болғың келе ме?»: Бойжеткенді қорқытқан әйелге 85 мың теңге айыппұл салынды
Әлеуметтік желілерде Семей қаласындағы тұрғын үй подъезі маңында белгісіз әйелдің бойжеткеннің соңынан аңдып, жанжал шығарған бейнежазбасы кеңінен тарады. Оқиғаның қалай болғанын және немен аяқталғанын жәбірленуші Threads желісінде айтып берді, деп жазады Egemen.kz.