№200 мектеп ғимаратында орналасқан учаскеде сайлаушыларды ұлттық нақыштағы киім киген «Әжелер хоры» қарсы алды. Әнші әжелер алғашқы минуттан-ақ мерекелік көңіл күй сыйлап, халық әндерін орындады. Сонымен қатар келген тұрғындарды қуаныш пен берекенің, ақ тілектің белгісі саналатын дәстүрлі шашу рәсімімен қарсы алды.
Шашылған тәтті дәмдер мен жиналған жұрттың шат күлкісі айналаны ерекше мерекелік көңіл күйге бөледі. Шағын аудан тұрғындарының көпшілігі дауыс беру күнінің осындай жылы әрі әсерлі басталарын күтпегенін айтты. Көпшілік хор мүшелерімен бірге суретке түсіп, мерекелік көңіл күй сыйлағандары үшін алғыс білдірді. Олардың айтуынша, мұндай бастамалар маңызды қоғамдық шараларды халыққа жақындатып, шынайы мерекелік атмосфера қалыптастырады.
Астанада референдум учаскесіне робот-итпен келген қыз жұрт назарын аударды
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының бай дәстүрлерін насихаттау. Осындай маңызды мемлекеттік оқиға – референдум күні алматылықтар ұлттық құндылықтарды қадірлей отырып, қонақжайлық дәстүрін де айқын көрсетті.