Солардың қатарында 57 жыл отасқан Рысбек Құтжанов пен Нәсіп Әбішева да бар. Үлгілі жұп елдік маңызы бар науқаннан шет қалмай, №100 учаскеге келіп, азаматтық борыштарын орындады.
Отағасы Рысбек Құтжанов бүгінде 79 жаста. Қарияның айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды бастамалардан тыс қалмай, дауыс беру – әр азаматтың парызы.
– Біз әрдайым ел өміріндегі маңызды іс-шараларға қатысуға тырысамыз. Бүгінгі референдум да мемлекетіміздің болашағына қатысты маңызды қадам деп ойлаймын. Сондықтан өз таңдауымызды жасап, азаматтық міндетімізді орындауға келдік. Елде тұрақтылық пен бірлік болсын, – дейді қария.
Үлгілі жұпқа учаске төрағасы арнайы естелік сыйлық табыстап, алғыс білдірді.
Жалпы, аталған референдум учаскесінде шамамен 3000-ға жуық сайлаушы тіркелген. Таңғы уақыттан бастап қала тұрғындары белсенділік танытып, дауыс беру барысы ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.
Сондай-ақ учаскеде дауыс берушілер үшін «Жәдігер» қолөнершілер қауымдастығы шеберлері ұлттық қолөнер көрмесін ұсынып, келушілер назарына қазақы нақыштағы киім-кешектер мен көздің жауын алатын әшекей бұйымдарын қойды. Барлығы да шеберлердің өз қолынан шыққан туындылар.
Қостанайда референдум учаскесіне Қыдыр ата келіп, тұрғындарға бата берді
Дауыс беруге келген тұрғындар өз таңдауларын жасап болған соң, көрмені тамашалап, ұлттық қолөнер бұйымдарымен жақын танысуға мүмкіндік алды.
Қарағанды облысы