Соңғы жаңалықтар
Ғалам ғажаптары • 03 Ақпан, 2026
Илон Маскке тиесілі «Neuralink» компаниясы биыл «Blindsight» атты жаңа ми имплантын клиникалық сынақтан өткізетінін мәлімдеді.
Білім • 03 Ақпан, 2026
Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі қоғам алдындағы ең өзекті міндеттің бірі. Бұл бағытта тек ғалымдар мен экологтер ғана емес, жас буын өкілдері де тың идеяларымен үлес қосып келеді. Соның жарқын дәлелі – алматылық 10-сынып оқушысы Мөлдір Кенжебайдың экологияға зияны жоқ биопакет ойлап табуы.
Теннис • 03 Ақпан, 2026
Елена Рыбакинаның толайым табысы
Екі аптаға жуық уақыт бойы төрткүл дүние жанкүйерлері тамсана тамашалаған Аустралияның ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Еліміз үшін осы дүбірлі дода сәтті аяқталды деп айтуға толық негіз бар. Себебі Мельбурнде Елена Рыбакина бас жүлдені олжаласа, Анна Данилина финалда ғана ұтылды. Ал Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға дейін жетті.
Мектеп • 03 Ақпан, 2026
Тозығы жеткен мектептер жөнделеді
Мемлекет тарапынан ағартушы салаға айрықша қолдау көрсетіліп, қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, Жамбыл облысында әлі күнге дейін 1 апатты және 11 тозығы жеткен, 17 оқушы орны тапшылығы бар білім ордасы тіркелген. Тоз-тозы шыққан білім ордасы шалғайдағы Мойынқұм ауданына қарасты Күшаман ауылында орналасқан.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2026
Талдықорған қаласы кейінгі жылдары қарқынды даму жолына түсті. Алдағы жылдары қосымша 3 шағын ауданның іргесі қаланады. Жаңа мектептер мен медицина мекемелері ашылады. Қала экономикасында тұрақты өсім сақталған. Мәселен, өткен жылы бұл көрсеткіш 107%-ды құрады.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Ресейдің Красноярск қаласында Иван Ярыгин мемориалы аяқталды. Бірінші болып бозкілемге шыққан еліміздің еркін күрес шеберлері тегіс ұтылды. Бұрымдылар бәсекесінде Лаура Әлмағанбетова (52 кг) финалға дейін жетіп, жергілікті спортшы Александра Скиренкоға жол берді. Виктория Хусаинованың (59 кг) да шешуші тұста Ресей өкілі Светлана Липатоваға әлі жетпеді. Барлық қарсыласын сыпыра ұтқан Жәмилә Бақбергенова (72 кг) алтыннан алқа тақты. Финалда ол моңғолиялық Болртунгалаг Зоригті жеңді.
Ғалам ғажаптары • 03 Ақпан, 2026
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың шамамен үштен бірі кітапты қалай қолдануды білмейтіні анықталды. Мұғалімдердің айтуынша, кейбір оқушылар кітап бетін парақтаудың орнына оны смартфон экраны сияқты сипап, басып көріп, одан жауап күтеді.
Кәсіпкер • 03 Ақпан, 2026
Көмірмен көмкерілген әшекейлер
Қарағандылық дизайнер Ольга Целлер Кеншілер астанасының брендіне айналған көмірден зергерлік бұйымдар жасайды. Шебердің көз тартар туындыларын халықаралық сарапшылар жоғары бағалап келеді.
Театр • 03 Ақпан, 2026
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Абай» операсының жаңартылған нұсқасының премьерасы өтті. Сексен жылдан астам уақыт бойы бұл шығарма ұлттық опера өнерінің жауһары әрі театрдың айрықша бет-бейнесіне айналып үлгерді.
Өнер • 03 Ақпан, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында фортепиано музыкасының кеші өтті. Кешті аталған ұйымның Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі ұйымдастырып, көрерменге әлемдік классикалық музыканың үздік үлгілерін ұсынды.
Жәдігер • 03 Ақпан, 2026
Елорда төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталық қорында араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған құнды жазбалар сақтаулы тұр. Солардың бірі – ежелгі түркі мұрасы «Шаджарат әл-Атрак» шығармасы.
Ғалам ғажаптары • 03 Ақпан, 2026
«NASA» 60 жыл бұрын тоқтатылған ядролық зымыран қозғалтқыштарын сынауды қайта бастады. Бұл технология болашақта Марсқа және алыс ғарышқа ұзақмерзімді миссияларды жүзеге асыруға негіз бола алады.
Саясат • 03 Ақпан, 2026
Креативті индустрияға қатысты заң қаралады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 6 ақпанда өтетін отырыстың күн тәртібін белгіледі.
Саясат • 03 Ақпан, 2026
Әділетті Қазақстан мен технологиялық серпілістің іргетасы
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясының мүшелері, мемлекеттік органдар басшылары, бірқатар облыс әкімдері мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Жиында ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылым мен нақты сектор арасындағы кооперацияны нығайту, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту бағыттары кеңінен талқыланды.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды
Тараз қаласындағы фосфор зауытында технологиялық жұмыс кезінде пештен ыстық шоқ атқылап 3 жұмысшыны күйік шалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 02 Ақпан, 2026
«Қайрат» футболшылары грант иегері атанды
Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов «Қайрат» футбол клубының ойыншыларына грант табыстады, деп жазады Egemen.kz
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Алматы облысында еліміздің жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған облыс активінің отырысы өтті. Өңір активі жаңа Ата заң қабылданған жағдайда биліктің халық алдындағы жауапкершілігі күшейіп, елдің саяси жүйесі толық жаңаратынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Қарағандыда хоккейші матч кезінде көз жұмды
Қарағандыда «СКА-Приозерск» әуесқой командасының хоккейшісі ойын үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Ақпан, 2026
Тұман, көктайғақ, бұрқасын; Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайтынын ескертті. Қазақстанның бірқатар өңірінде аяз қайта күшіне мініп, бұрқасын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Ақпан, 2026
Енді курсанттарды әскери оқу орындарына қабылдау eGov арқылы жүргізіледі
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап еліміздегі 18-24 жас аралығындағы ер азаматтар әскери оқу орындарына өтініштерін eGov.kz порталында онлайн режимде қалдыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Қазақстанның саяси партиялары Жаңа Конституцияның жобасын талқылады
Қазақстан саяси партиялары Мемлекет басшысының бастамасымен Конституциялық комиссия әзірлеген Конституциясының жаңа жобасын талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Елордада Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға партияның саяси кеңес мүшелері, Парламент пен мәслихат депутаттары, әйелдер және жастар қанатының өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 02 Ақпан, 2026
Еліміздегі екінші АЭС Алматы облысында салынады
Үкімет Алматы облысының Жамбыл ауданында екінші атом электр станциясын салу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Ақпан, 2026
Үкіметте дәрі-дәрмектің шекті бағасын қалыптастыру мәселесі қаралды
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің үшінші отырысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты жаңа Салық нормаларын құқықтық қолдану мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Ресей елшілігі адыраспанға байланысты ел тұрғындарына ескерту жасады
Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі ел азаматтарына адыраспанды Ресей аумағына алып кіруге тыйым салынғанын еске салды. Бұл үшін Ресей заңнамасына сәйкес ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Семейде Жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын жазаланды
Жаңа Конституция жобасы жарияланғаннан кейін елімізде жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы хабарламалардың артқаны байқалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 02 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 02 Ақпан, 2026
«Армия аналар көзімен»: Әскери бөлімдерде ашық есік күні өтті
Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың бұйрығымен еліміздің барлық әскери бөлімінде бірыңғай Ашық есік күні өтіп, оған сарбаздардың 4000-нан астам туған-туысы жиналды. Қонақтарға қару-жарақ пен әскери техника көрмелері ұйымдастырылып, ата-аналар ұлдарының жағдайын көзбен көрді, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 02 Ақпан, 2026
Креативті жастар қалыптастырған болашақ
Шығармашыл жастардың ізденісі мен мемлекет тарапынан қолдау бір деңгейде болса, ұлт мәдениеті жаһандық кеңістікте жаңа қырынан таныла береді. Бұл – тұтас ұлттың мәдени әлеуетін айшықтайтын маңызды үдеріс. Елімізде қазір креативті индустрия саласында тіркелген субъекті 50 мыңға тартады. Олардың басым бөлігі Алматы мен Астана қаласында шоғырланған, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Үнзила Шапақ: Адам құқықтары – жаңа Конституцияның өзегі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес келеді және демократиялық әрі құқықтық мемлекеттің орнықты дамуына берік негіз қалайды. Бұл туралы Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.