Президент • Бүгін, 14:52

Әскери қақтығыстар, «сауда соғысы» жылдан жылға ушығып барады: Президент әлемдегі жағдай туралы пікірін айтты

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президенттің айтуынша, қазіргі халықаралық ахуалды сипаттауда «турбуленттілік» ұғымы жиі қолданылады. Әдетте бұл сөз ұшақ турбулентті аймаққа кірген кезде жолаушыларды сабырға шақыратын ұшқыштардың түсіндірмесінде кездесетін. Алайда бүгінде саясаткерлер мен сарапшылар дәл осы терминді жаһандық жағдайды бейнелеу үшін пайдаланып жүр, деп жазады Egemen.kz.

Әскери қақтығыстар, «сауда соғысы» жылдан жылға ушығып барады: Президент әлемдегі жағдай туралы пікірін айтты

Мемлекет басшысы қазіргі кезеңде әлемнің тұрақсыз әрі бағыт-бағдары анық емес жағдайда өмір сүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы он жыл ішінде орын алған оқиғалар бірінен бірі асып түсіп, халықаралық ахуалды күрделендірді. Бұл үдерістер әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, онда шынайы ақпарат пен аңыз, конспирологиялық болжамдар мен жалған мәліметтер, қайғы мен қуаныш қатар таралып жатыр. Президент мұны жасанды интеллект дәуіріне аяқ басқан қазіргі әлемнің шынайы келбеті деп сипаттады.

Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ: Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына не деді?

«Өткен екі апта әлемдік қоғамдастыққа дүрбелеңнің шын мәнінде қаншалықты қауіпті екенін әрі тұтқиылдан келетінін анық көрсетті. Планетамыздың тіршілігінде тұрақсыздық белең алды. Тіпті, экономикасы ілгері, орнықты мемлекеттердің өзі әп-сәтте жаһандық қақтығыстың, егер әр нәрсені өз атымен айтар болсақ, соғыстың ортасында қалды. Соғыс өрті іргемізден, яғни Каспий маңындағы көршілес елдің аумағынан шықты.Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы қазірдің өзінде жаһандық қауіпсіздіктің іргесін шайқап, әлем экономикасына зардабын тигізгені анық», деді Президент.

Мемлекет басшысы сонымен қатар  қазіргі күрделі жағдайға алып келген бірқатар факторды атады. Оның айтуынша, ірі державалардың көшбасшылары арасындағы сенім дағдарысының күшеюі, мемлекеттер мен әскери-саяси блоктардың жіктелуі, ынтымақ пен бірлік қағидаларының әлсіреуі, халықаралық құқық нормаларының сақталмауы және Біріккен Ұлттар Ұйымының беделінің бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендеуі қазіргі әлемдегі қауіпті жағдайдың негізгі себептерінің бірі болып отыр.

Президенттің сөзінше, осыдан он жыл бұрын саясаткерлер әлемнің жолайрықта тұрғанын айтып, болашақтағы бағыттың белгісіздігіне алаңдаушылық білдірген болатын. Ал бүгінде көптеген сарапшылар мен саясаткерлер адамзат баласы дүниежүзілік соғыстың табалдырығында тұрғанын ашық айта бастады. Мұндай жағдай барлық мемлекеттердің мүддесіне қауіп төндіреді.

Тоқаев: Мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсу қажет

Мемлекет басшысы геосаяси, әскери, экономикалық, технологиялық және климаттық сын-қатерлердің күшеюі бүкіл әлемді алаңдатып отырғанын айтты.

«Осындай күрделі кезеңде Қазақстан азаматтары сабыр сақтап, ел ішіндегі және тысқары жерлердегі арандатуларға бой алдырмауы керек. Ең бастысы, Жаратқан берген батылдық, ар-намыс, ақыл-парасат сияқты қасиеттерімізді танытқан жөн. Президент ретінде саяси-дипломатиялық тәсілдердің бәрін қолдана отырып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күшімді саламын.

Әлем технологиялық, экономикалық, саяси тұрғыдан түбегейлі өзгергенін мойындауымыз керек. Ал ол жақсы жаққа өзгерді ме, әлде кері кетті ме? Оған өркениет болашақта жауап береді. Бірақ Қазақстан азаматтарының әлемдік даму көшінен шет қалуға қақысы жоқ», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық мүдделерін қорғаумен қатар стратегиялық ұстамдылық саясатын ұстанады. Сондай-ақ елдің сыртқы саясаты халықаралық аренада бейбітшілікті нығайтуға және Қазақстан төңірегіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Президент: Мәслихаттар толық цифрлық мемлекет құру мәселесіне белсенді атсалысуы қажет

Соңғы жаңалықтар