Ли
Әлем • 10 Желтоқсан, 2025
Аустралияда 16 жасқа толмағандар енді әлеуметтік желілерге кіре алмайды
Әлемде алғаш рет Аустралия билігі кәмелеттік жасқа толмаған балалардың TikTok, YouTube, Instagram және Facebook сияқты ірі әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 09 Желтоқсан, 2025
«Қайраттың» жастары «Олимпиакосты» қапы қалдырды
UEFA Жастар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы турда «Қайрат U19» командасы өз алаңында гректің «Олимпиакосын» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир тарихындағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
«Қарапайым халықты Қытайға қарсы қоюға болмайды»: Берік Уәли өңірдегі ахуалға қатысты пікір білдірді
Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесуде Аягөз ауданында жұмыс істеп жатқан шет елдік азаматтарға қатысты пікір білдірді. Олардың заң аясында еңбек етіп жүргенін, облыс экономикасына үлес қосып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Әскери оқытушы Қазақстанның үздік инженері атанды
Ұлттық инженерлік академия өткізген X мерейтойлық республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери радиотехника және электроника негіздері кафедрасы бастығының орынбасары подполковник Нұржан Зікірияев «Қазақстанның үздік инженері – 2025» атағына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчын қайдан көруге болады?
Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының 6-туры аясында алматылық «Қайрат» Грекияның «Олимпиакос» футбол клубымен кездеседі. Ойын сағат 20:20-да басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Астанада таңертеңнен бері 100-ге жуық жол апаты тіркелді
Бүгін елордада қалың қар жауып, жолдардың тайғақ болуы салдарынан 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Желтоқсан, 2025
Қазақстандағы 662 стоматологиялық клиникаға тексеріс жүргізіледі
Елімізде балалардың бір сәтте бірнеше тісін жалпы наркозбен емдеу жағдайлары бойынша шағымдар жиілеп кеткен соң, Денсаулық сақтау министрлігі стоматалогиялық клиникаларға тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
Республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Астанада қараша айының 25-29 күндері ауылдық мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Ақтөбе облысында автобус апатынан бес шетелдік қаза тапты
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 7 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 8:40-та Самара – Шымкент тас жолында болған. 49 жолаушысы бар автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған. Салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды
7 желтоқсан күні шамамен түнгі 23:10-да Алматы қаласының Әуезов ауданында Škoda көлігі Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Салдарынан көлік тоқтап тұрған жолаушылар автобусына, содан кейін инерция салдарынан Volvo көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысындағы жол апатынан 3 адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсанда Шемонаиха-Усть-Таловка тасжолында болған. Салдарынан бір жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Желтоқсан, 2025
Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті ресми сапармен келеді
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі • 08 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде нашақорлар жиналатын бірнеше притон әшкереленді
Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көпқабатты үйлердің қабырғаларына жазылған 44 есірткі жарнамасы анықталып, осы іс бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ маскүнемдер мен нашақорлардың бірігіп, есірткі қабылдап, ішімдік ішуіне үй-жайларын берген екі пәтер иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару кезінде полицей қаза тапты
Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторы Асанәлі Әскербековтің қызмет бабында қаза болуына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Римде 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Енді патрулдік полиция жүргізушінің жеке деректерін тексере алмайды
Елімізде енді полиция қызметкерлері планшет арқылы жүргізушілердің жеке деректерін көре алмайды. Сақшылар үшін сенсорлық құрылғы тек хаттама толтыруға жарайды, деп хабарлайды Egemen.kz Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 05 Желтоқсан, 2025
Израиль Ливан аумағына соққы жасады
Израиль Ливанның оңтүстік бөлігін нысанаға алып, соққы жасады. Әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Израиль тарапы бұл әрекетті «Хезболла» қозғалысына қарсы қауіптің алдын алу деп түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Сәтбаевта балаға буллинг жасаған балабақша қызметкері жұмыстан қуылды
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының тұрғыны мемлекеттік балабақшада балалардың қызына буллинг жасайтынын айтып, шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Қазақстан полицейі әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Жаһандық жарыс Ресейдің Саратов қаласында әмбебап жекпе-жектен өтті. Қарашаның 25-30 күндері өткен додаға 32 елдің спортшысы қатысты. Олар кедергілер жолағынан өту, пышақ лақтыру, пневматикалық қарудан ату, қоян-қолтық ұрыс бойынша сайысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыда суицид жасамақ болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды
Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағы «Алматы-1» теміржол станциясы аумағында өзін-өзі пышақтамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда құрылысшы лифт шахтасына құлап қаза тапты
Қайғылы жағдай 4 қараша күні Мұнайлы ауданындағы құрылыс нысанында болған. Жұмысшы кранмен құм толы науаны жоғарғы қабатқа көтеріп, түсіріп болған соң қауіпсіздік орнынан алыстап кеткен сәтте тепе‑теңдігін жоғалтып, лифт шахтасына құлаған. Оқиға орнына шамамен 20-30 минуттан соң жедел жәрдем келгенімен, 20 жастағы жігіт алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
100 млн теңгеге бейнеролик түсіру: Түркістан облысының әкімі тексеріс жүргізуді тапсырды
Бейнероликте Қазақстан тарихын оның бастауынан қазіргі кезеңге дейін түрлі көркемдік формалар арқылы көрсету көзделген. Түркістан облысының әкімі аталған бейнероликті түсіруге бөлінген 100 млн теңгелік келісімшартты тексеруді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 03 Желтоқсан, 2025
Ірі қалалардың әкімдіктеріне жаңа құзырет беріледі
Астана мен Алматы және басқа да қалалардың әкімдіктеріне полицейлерге тән өкілеттік беріледі. Бұл нормалар бүгін Мәжілісте қабылданған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң мен ілеспе құжаттарда қамтылған, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 03 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында Филиппиннен қыдырып келген турист көз жұмды
Алматы облысының Кеген ауданындағы Қайыңды-Саты тас жолында жол-көлік оқиғасынан филиппиндік турист қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Әуежайда өз-өзін өртеген адамға қатысты іс тоқтатылды
Алматы әуежайында өз-өзін өртеген ер азаматқа қатысты қозғалған іс тоқтатылды. Полицияның мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу немесе соған итермелеу» бойынша жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 03 Желтоқсан, 2025
«Мұқағали» журналының 20 жылдық мерейтойлық кеші өтті
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың есімімен аталған республикалық әдеби-мәдени және танымдық «Мұқағали» журналының жарық көре бастағанына 20 жыл толуына орай «Мұқағалитанудың қайнар көзі» атты мерейтойлық кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 02 Желтоқсан, 2025
Алматыда бір түнде 6 мас жүргізуші ұсталды
Алматыда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 02 Желтоқсан, 2025
Алматыда алаяқтықтың 30 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Алматының Алмалы аудандық полиция қызметкерлері интернет-платформаларда жалған хабарландырулар орналастырып, тұрғындарды алдап келген 18 жастағы күдіктіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
Алматы-Бішкек тас жолында ірі апат болып, жеті адам қаза тапты
Алматы-Бішкек тас жолының 129-шақырымында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, салдарынан жеті адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2025
Аустралияның Сидней қаласындағы Crown казиносында Қазақстаннан барған ерлі-зайыпты жандар жасырын камера мен құлаққаптарды пайдаланып, 1,18 млн АҚШ долларын иемденді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.