Фото: ТСМ
Денис Никиша B финалында 41,948 секунд көрсеткішін тіркеп, халықаралық деңгейде өзінің жаңа жеке рекордын орнатты.
Ол ширек финалда үшінші болып мәреге жетіп, уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге өтті. Ал жартылай финалда өте тығыз өткен жарыста төртінші орын алып, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен Олимпиада чемпиондарынан бірнеше милисекундқа ғана артта қалды. Финалда Олимпиада чемпионы Шаоан Люге (Қытай) жол беріп, екінші орынмен аяқтады. Италияда өткен бәсеке Денис Никиша үшін мансабындағы төртінші Олимпиада болды.
Ал Абзал Әжіғалиев жарысты ширек финал кезеңінде қорытындылап, өз тобында бесінші болып мәреге жетті.
Айта кетейік, Абзал Әжіғалив те қатарынан төрт Олимпиадаға қатысып, әлемнің ең мықты спринтерлерінің қатарында екендігін дәлелдеді.
Ол алдыңғы Олимпиадада жүлдеге бір қадам ғана жетпей, төртінші орын алған еді. Бұл нәтиже шорт-трек бойынша ел тарихындағы ең үздік көрсеткіштің бірі болып қала береді.
Ал бүгінгі жарыс күнінде мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады.