Фото: ТСМ
Алғаш болып жарыс жолына шыққан Дарья мәреге 16-ншы болып жетті. Іріктеудің екінші бөлігінде Надежда бақ сынап, Қазақстан қорытынды есепте 17-орын алды. Қос спортшының уақыт көрсеткіші − 7 минут, 14.61 секунд болды.
Осылайша, 26 мемлекеттің командасы арасынан 15-і финалға шықты. «Тезаро» шаңғы стадионындағы финал бүгін сағат 15:45-те басталады.
Санаулы сəттен кейін ерлер командасы арасында да іріктеу өтеді. Мұнда ел намысын Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков қорғайды.
Айта кетейік, бүгін фристайл-акробатика, шорт-трек бәсекелерінде де отандастарымыз жарыс жолына шығады.
Кешегі жарыс күнінде Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 68,47 ұпаймен жеке рекордын жаңартты.
Ал қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады.