Ансамблі
Балалар • 19 Қараша, 2025
Ауыл балаларынан құралған ансамбль халықаралық байқауда жеңіске жетті
Ұлытау облысы, Жаңарқа ауданы, Ш. Ералиев ауылдық округінің Оспан Әлібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің «Еркем-ай» би ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық «Бала Шабыт» байқауынан бірінші және екінші орын алып, жүлделі оралды. «Еркем-ай» би ансамблі 5-7-8-сынып оқушыларынан құралған.
Мәдениет • 11 Тамыз, 2025
Ел өнерпаздары EXPO 2025-ке қатысты
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының BIRLIK ансамблі Жапонияның Осака қаласындағы EXPO 2025 халықаралық көрмесінде өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Қазан, 2024
Республика күніне орай елордада «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Күн дидарлы Қазақстан» атты концерті жоғары дәрежеде аншлагпен өтті. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында ұйымдастырылған кештің шымылдығы Талғат Ахметовтың «Самғау» би қойылымымен ашылып, премьерасы көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 01 Наурыз, 2023
«Гүлдер» ансамблі сахнаға қайта оралады
1969 жылы құрылған «Гүлдер» ансамблі жаңа құрамда қайта құрылды. Ансамбль көктемнің алғашқы күнінде Орталық концерт залында кеш өткізіп, таныстырылымын жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Сәуір, 2022
«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концерті өтеді
4 мамыр күні, сағат 19:30-да елорда төрінде Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда көненің көзіндей болып, өнерге өзіндік өрнек салып келген «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «ӨРТОЛҒАУ» атты концерті өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.