Мәдениет • Бүгін, 17:59

Ел өнерпаздары EXPO 2025-ке қатысты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының BIRLIK ансамблі Жапонияның Осака қаласындағы EXPO 2025 халықаралық көрмесінде өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Ел өнерпаздары EXPO 2025-ке қатысты

Ансамбль Қазақстан Республикасы Ұлттық күніне арналған салтанатты ашылу рәсімі мен гала-концертіне қатысты. Іс-шараға 158 ел, 9 халықаралық ұйым қатысты. Өнер ұжымы Осака қаласындағы Ray Garden сахнасында және Swissotel Nankai Osaka қонақ үйінің салтанатты залында өнер көрсетіп, көпшілік көңілінен шықты. Концерттік бағдарламада көрермен назарына «Күй шашу», «Аққу», «Салкүрең» және т.б. басқа да дәстүрлі билер ұсынылды.

BIRLIK ансамблі - жаһандану заманында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, еліміздің мәдениетін әлемге танытып жүрген бірегей өнер ұжымы.

Айта кетейік, аталған ансамбль Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 1 наурыз Алғыс айту күніне орай құрылды. Ұжымның репертуары қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнерін қамтиды.