Қоғам • Кеше

Көлік, пәтер немесе 50 млн теңге: Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің түлегі Нұрғанат Қанат Ұлттық бірыңғай тестілеуде мүмкін болған 140 баллдың барлығын жинап, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік, пәтер немесе 50 млн теңге: Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады

Нұрғанат бұған дейін де «XXI ғасыр көшбасшысы» байқауының жеңімпазы атанып, тарих пәнінен республикалық олимпиаданың үш дүркін алтын медаль иегері болған.

Талапкерді ҰБТ-ға дайындаған JUZ40 білім беру орталығы ерекше жетістігі үшін оған теңдессіз сыйлық ұсынбақ. Түлекке бизнес-класс пәтер, Mercedes E-Class автокөлігі немесе 50 миллион теңге ақшалай сыйақының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі.

Наурыздағы ҰБТ: Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов 140 балл жинады

Сонымен қатар, орталық Нұрғанатқа жоғары оқу орнында оқитын төрт жыл бойы ай сайын 140 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлейді. Ал оның ата-анасына 3 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу елімізде 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қатысуға 240 мыңға жуық өтініш берілген. 

Соңғы жаңалықтар