е
Алматы • Кеше
7 балдық жер дүмпуіне арналған дайындық: Алматыда ауқымды сейсможаттығу өтті
Алматыда қала аумағын қамтыған ауқымды сейсможаттығу ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар қызметі 7 баллдық жер сілкінісі кезінде әрекет ету тәртібін пысықтады. Оқу-жаттығуға 1000-нан астам ТЖД қызметкері мен бірқатар арнайы техника жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Иран Қытай кемелеріне Ормұз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
Иран Ормұз бұғазы арқылы Қытайдың бірқатар кемелеріне өтуге рұқсат берді. Бұл шешім Қытай Сыртқы істер министрі мен Ирандағы Қытай елшісінің өтініштерінен кейін қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Қазақстаннан шетелдерге кеткен техникалық кадрлар саны келгендерден көп
Соңғы жылдары Қазақстанда білікті мамандардың шетелге кету қарқыны баяулаған. 2025 жылы кәсіби білімі бар 7,9 мың адам елге келсе, 3,6 мың адам шетелге қоныс аударған. Осылайша таза өсім 4,2 мың адамды құрады, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • Кеше
Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Алматы облысының Ақши ауылында түйе шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жергілікті шаруалар түйе санын көбейтіп, өнім экспортын ұлғайтып жатыр. Қазіргі таңда өңірде өндірілетін құрғақ шұбат Қытай нарығына жөнелтіле бастады. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың әлеуеті таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Президент: Қазақстан нағыз цифрлық ел болу үшін нақты қадамдар жасап жатыр
Қазақстан-Түркия бизнес форумындағы сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық экономиканы дамытуды аса маңызды міндет ретінде атап, жаппай цифрландыру үдерісіне айрықша көңіл бөлуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажет
Қазақстан-Түркия бизнес форумындағы сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің өнеркәсіп саласындағы жетістіктерін тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Президент: Бизнеске қолайлы жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі
Қазақстан-Түркия бизнес форумында Қасым-Жомарт Тоқаев аталған салада ауқымды жұмыс атқарылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты
Мемлекет басшысы бұл форумның екі ел үшін тиімді әрі мазмұнды болғанын атап өтіп, алқалы жиынды ұйымдастыруға атсалысқан Түркия тарапына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Ақтөбе облысы арқылы өтетін стратегиялық маңызы бар Ақтөбе – Ұлғайсын көлік дәлізін қайта жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайды. Автожол 7 дербес учаскеге бөлінген, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • Кеше
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
Қостанай облысында 2022 жылғы табиғи өрттен зардап шеккен Аманқарағай орманын қалпына келтіруге арналған ауқымды волонтерлік акция өтті. AGROMASH және Allur машина жасау кәсіпорындарының 300-ден астам қызметкері 5 мыңнан аса қарағай көшетін отырғызды. Іс-шараны ұйымдастыруға жұмысшы жастардан құрылған «Еңбек жастары» қозғалысы бастамашылық еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • Кеше
Үкімет басшысы жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Ердоған Түркі әлемі мен Орта дәліздің стратегиялық маңызын атап өтті
Режеп Тайип Ердоған бүгінгі келіссөздер барысында экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Тоқаев пен Ердоған БҰҰ рөлін күшейту туралы ортақ байламға келді
Президент Түркия елінің Бірінші ханымы Эмине Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында аса маңызды «Zero Waste» жобасын ұсынып, ауқымды жұмыс атқарып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Шымкентте Түркияның Гази университеті жұмысын бастайды: Тоқаев жаңа білім жобаларын таныстырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның елімізге мемлекеттік сапары аясында стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Елімізде азаматтардың 250 млрд теңге қарызы кешірілетін болды
Қазақстанда банкрот деп танылған азаматтардың 250 млрд теңге қарызы кешіріледі. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 1 118 азамат пайдаланған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Қазақстан мен Түркия қандай жобаларды бірлесе жүзеге асырады?
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен келіссөз кезінде энергетика кешеніне қатысты мәселелерге ерекше тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен баспасөз конференциясын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Мәртебелі Режеп Тайип Ердоғанға шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Түркия арасында жаңа стипендиялық бағдарлама іске қосылады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл келісім Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Трамп Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинді 24 қыркүйекте Вашингтонға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Түрік компаниялары Қазақстанда 3 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға екі ел бірлесе іске асырып жатқан бірқатар инвестициялық жоба туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Түркияда Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Кубада халық жаппай шеруге шықты: Елде жанармай қоры таусылған
Куба астанасы Гаванада электр жарығының өшуіне байланысты жаппай наразылық шерулері өтті. Жағдайға АҚШ-тың Кубаға қарсы енгізген блокадасы әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Харрасмент жасағандар заңмен жазалана ма?
Қазақстан билігі жұмыс орнындағы харассмент үшін жауапкершілікті заң жүзінде бекітуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Қазақстан Түркияға экспортты 630 миллион долларға дейін арттырмақ
Елордада Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Кеңесте Тараптар сауда-экономикалық ықпалдастықты тереңдету мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Министрлік үш жыл бойы кәсіпорын қызметінен кемшілік таппаған
2025 жылы «Қазцинк» компаниясының Өскемен қаласындағы зауытына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Сенат депутаттары жұмысшының жалақысын сақтай отырып, үш күнге жұмыстан босатылып, скринингке баруға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Тоқаев Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, өткен жылы Түркия Қазақстанның сыртқы сауда бойынша негізгі әріптес елдер тізімінде 5-орынды иеленген. Жалпы тауар айналымындағы үлес салмағы 2025 жылы – 3,8%, ал биылғы жылдың алғашқы екі айында – 5,2%-ды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz