жоспар
Есірткі • 27 Желтоқсан, 2025
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жоспары бекітілді
2026-2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Кешенді жоспар – қоғамдағы есірткілену деңгейін төмендетуге, жастарды қорғауға, есірткінің қолжетімділігін қысқартуға және ұйымдасқан есірткі арналарының жолын кесуге бағытталған жүйелі ведомствоаралық құжат болып табылады. Құжат алдын алу мен ерте анықтаудан бастап жедел әрекет етуге, цифрландыруға және халықаралық ынтымақтастыққа дейінгі қарсы іс-қимылдың толық циклін қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Алматы метросы 2040 жылы қай аумақтарды қамтиды?
Алматы әкімдігі қаланың 2040 жылға дейінгі дамуының бас жоспарын таныстырды. Құжаттағы ең маңызды жаңалықтың бірі – метрополитен желісінің ауқымды түрде кеңеюі. Қоғамдық талқылаулар 24-26 желтоқсан аралығында өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 26 Қараша, 2025
Алматының жаңартылған бас жоспары көпшілік талқысына ұсынылады
Алматыда қаланың жаңартылған Бас жоспары жұртшылықтың талқысына шығарылады. Қоғамдық тыңдау 24-26 желтоқсан күндері өтетінін қаланың бас сәулетшісі Алмас Жаңбыршы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатқаны жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, алпысқа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың негізі қаланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
«Банктер туралы» жаңа заң 2026 жылға дейін қабылданады
Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды. Құжат 87 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Алатау қаласында құрылыс жұмыстары басталды
Бүгін Үкіметте өтіп жатқан баспасөз конференциясында Алатау қаласына инфрақұрылым тарту жұмыстары мен бас жоспары баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 05 Тамыз, 2025
«Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
Мемлекет басшысының Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Маусым, 2025
Жекешелендіру жоспарын жедел іске асыру керек - Әлихан Смайылов
Жоғары аудиторлық палата 2021–2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру қарқынын жеделдету қажет деп есептейді. Бұл туралы Палата төрағасы Әлихан Смайылов Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутат сауалына жауап бере отырып мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Мамыр, 2025
Көлік саласын дамыту жоспары бекітілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы тыңдады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол, теңіз, әуе және автомобиль көліктерін дамыту, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 12 Мамыр, 2025
Отбасын жоспарлаудың артықшылығы неде
Елімізде 12–16 мамыр аралығында өтетін Репродуктивтік денсаулық апталығы – дені сау ұлт қалыптастыру жолындағы маңызды қоғамдық бастама. Бұл күндері барлық өңірінде халықтың жыныстық және репродуктивтік сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-ағартушылық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жастар мен болашақ ата-аналарға арналған кездесулер, дәрістер мен кеңестер арқылы еліміз ертеңі саналатын жас ұрпақтың денсаулығын қорғауға бір қадам жақындай түседі, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 07 Наурыз, 2025
Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың жоспары бекітілді
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Ақпан, 2025
Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы ауысты
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қараша, 2024
Кәсіпкерді пара беруге итермелеген серіктестік қызметкері сотталды
Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен «Алматы Бас жоспары» ЖШС Бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлы сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 27 Тамыз, 2024
2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бөлінеді
Бүгін Үкімет отырысында «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Шілде, 2024
Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Үкіметтің тиісті қаулысына Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 24 Маусым, 2024
Үкімет ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірледі
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет 200-ден астам жобаны қамтитын ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірлегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2024
Қазақстандағы жаңа қаланың болашақ келбеті таныстырылды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Алатау қаласының жобасымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 21 Мамыр, 2024
Президент өкімімен Сырымбет Қаскеев жаңа қызметке тағайындалды
Сырымбет Ерденұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Сәтбаевтағы бала өліміне дәрігерлер кінәлі ме?
Сәтбаев қаласының тұрғыны Салтанат Байсалбаева осы жылдың наурыз айында 1 жасар жалғыз қызынан айырылды. Бүлдіршін Ұлытау облысындағы қалалық аурухананың реанимация бөлімінде қатты ішек инфекциясы салдарынан қайтыс болды. Анасының айтуынша, дәрігерлер оны құтқару үшін тиісті шаралар қабылдамаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Қ.Сатыбалды ісі бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтарылады
11 сәуірде Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау қажеттілігіне байланысты процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Antikor-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2024
Қазақстанда бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізілді
Бүгін Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков елімізде стандарт жинақы құрылысты енгізу туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 13 Ақпан, 2024
Стратегиялық жоспарлау мәселесі талқыланды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Клуб аясындағы биылғы алғашқы кездесу жаһандық үрдістерді ескере отырып, Қазақстанның стратегиялық жоспарлау мәселелеріне арналды. Іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов қатысты, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 07 Ақпан, 2024
Үкімет Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қайта қарайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жүктелген тапсырма орындалған жоқ
Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық экономиканы дамытудың маңызды алғышарттары айтылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сүйеніп.
Алматы • 05 Ақпан, 2024
Алматыда шағын қабатты құрылысқа басымдық беріледі
Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлаудың (ЕТЖ) жаңа жобасы шеңберінде қалада шағын қабатты құрылысқа басымдық беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин жаңа ЕТЖ-ны таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2024
Тараз қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді
Үкімет Тараз қаласының 2040 жылға дейінгі дамуының бас жоспарын бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Қаңтар, 2024
Астанада 5 ірі көпір салынады. Қаланың бас жоспары бекітілді
Үкімет Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті. Жоспарда елорданың әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту бағытындағы қадамдары белгіленген, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 08 Қаңтар, 2024
Сенаторлар Шымкент жолдарын жөндеу жоспарымен танысты
Сенаторлар Шымкент қаласының агломерациялық әлеуетін және қалада тұратын халық санын ескере отырып, мегаполистің транзиттік мүмкіндігін ұлғайту маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы: Бұл кезең еліміздің бес жылдық дамуының негізі болады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында өткен жылы елімізде елеулі оқиғалар болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
Еліміздің үшінші мегаполисі қалай дамып келеді?
Орталық коммуникациялар қызметі 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің өңірлерімен бірлесіп қолға алған жобаның кезекті материалы республикалық маңызы бар қала – Шымкентке арналған. Қала тұрғындары үшін 2023 жылдың ең жақсы жаңалығы, әрине, биылғы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Шымкент қаласын 2035 жылға дейінгі дамытудың жаңа бас жоспарын бекітуі болды, деп жазады Egemen.kz.